Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 тамызда № 15565 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ____________ Д. Абаев

      2017 жылғы 12 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 25 шілде

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 8 маусымдағы
№ 192 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 сәуірде жарияланды) өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 15.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2020 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы
№ 55 бұйрығына
1-қосымша

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 69) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуды айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Заңға және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

2. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу тәртібі

      3. Заңның 6-бабы 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес белгіленген электр қуаты 5 МегаВаттан (бұдан әрі – МВт) астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 килоВольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспорттарын (бұдан әрі – әзірлік паспорты) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша береді.

      4. Заңның 6-бабы 10-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлгі паспорттарын жергілікті атқарушы органдар береді.

      5. Заңның 6-бабы 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға әзірлік паспорттарын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi органның аумақтық бөлімшелері береді. 

      6. Жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган немесе оның аумақтық бөлімшелері энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдар) өтініштерін қабылдауды жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда, жүйелік оператор үшін 25 қазанды қоса алғанда жүзеге асырады.

      30 қыркүйектен кейін әзірлік паспортын алуға түскен өтініштер құжаттардың толық топтамасымен бірге өтініш берушіге қараусыз қайтарылады.

      Әзірлік паспортын беру өтінішті берген сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беріледі.

      7. Әзірлік паспортын алу үшін ұйымдар осы Қағидалардың 3, 4, 5-тармақтарына сәйкес мына құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігінің паспортын алуға өтініш;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі актісі (бұдан әрі – әзірлік актісі).

      Әзірлік актісіне осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттарының (бұдан әрі – шарттар) орындалғанын растайтын құжаттар қоса беріледі;

      3) станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі туралы, сондай-ақ ұйымның күзгі-қысқы кезеңде тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.

      8. "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы өтініш беруді қоспағанда, осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар нөмірленеді, тігіледі, сондай-ақ басшының қолымен және ұйымның мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылады.

      9. Күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісін дайындау үшін ұйымдар жыл сайын күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі ұйым комиссияны (бұдан әрі – ұйым комиссиясы) құрады және ол 1 тамыздан бастап жұмыс істей бастайды.

      10. Ұйым комиссиясы төрағадан, төрағаның орынбасарынан және оның мүшелерінен тұрады.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.

      Ұйым комиссиясының құрамына ұйымның басшылары және басқа да жауапты лауазымды адамдары, жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның өкілдері кіреді.

      Қуаты 100 Гигакаллория/сағ (бұдан әрі – Гкал/сағ) дейін энергия өндіруші ұйымдар құрған ұйым комиссиясының құрамына ұйымның басшылары және басқа да жауапты лауазымды адамдары кіреді.

      11. Ұйым комиссиясының төрағасы болып ұйымның бірінші басшысы, ал ол болмағанда оның міндетін атқарушы адам тағайындалады. Жергілікті атқарушы органның өкілі төрағаның орынбасары болып тағайындалады.

      12. Ұйым комиссиясы шарттарға сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін айқындайды.

      13. Ұйым комиссиясы жұмысының қорытындылары бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі актісі ресімделеді және оған барлық мүшелері қол қояды.

      14. Егер отырыста ұйым комиссиясы мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екісі қатысқан болса, комиссия шешiмi заңды болып есептеледi. Дауыс беру нәтижелерi отырысқа қатысқан ұйым комиссиясы мүшелерiнің көпшілік дауысымен айқындалады.

      Ұйым комиссиясының жекелеген мүшелері келіспеген кезде әзірлік актісі "ерекше пікірмен" жазылады.

      Ұйым комиссиясының ерекше пікірі әзірлік актісіне қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      Күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау кезінде комиссиясы анықтаған кемшіліктер әзірлік актісінде көрсетіледі.

      15. Ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзір еместігі жағдайында ұйым басшылығы кемшіліктерді жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны ұйым комиссиясымен келіседі. Келісілген іс-шаралар жоспары әзірлік актісіне қоса беріледі.

      16. Барлық қосымшаларымен бірге әзірлік актісі екі данада жасалады, оның бір данасы ұйымда сақталады, ал екінші данасы әзірлік паспортын алу үшін өтінішке қоса беріледі.

      17. Ұйымдардың әзірлік паспортын алуға өтініштерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшесі энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алуға өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      18. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелері құратын комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесінің және жергілікті атқарушы органның өкілдері енгізіледі.

      19. Комиссия жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган немесе оның аумақтық бөлімшесі басшысының бұйрығына сәйкес құрылады және жыл сайын 15 тамыздан бастап 31 қазанды қоса жұмыс істейді.

      20. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан, хатшыдан және оның мүшелерінен тұрады. Комиссия хатшысы комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады және оның дауыс беру құқығы жоқ.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.

      21. Жергілікті атқарушы орган құратын комиссияның төрағасы болып жергілікті атқарушы органның жауапты тұлғасы тағайындалады.

      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган құратын комиссияның төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның жауапты тұлғасы тағайындалады.

      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесі құратын комиссияның төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесінің жауапты тұлғасы тағайындалады.

      22. Комиссия әзірлік паспортын алуға ұсынылған материалдарды аптасына кемінде бір рет қарастырады.

      23. Егер Комиссия отырысында комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екісі қатысқан болса, комиссия шешiмi заңды болып есептеледi. Дауыс беру нәтижелерi отырысқа қатысқан комиссия мүшелерiнің көпшілік дауысымен айқындалады.

      24. Қарау қорытындылары бойынша комиссия мынадай негізделген шешімдердің бірін қабылдайды:

      1)әзірлік паспорты берілсін;

      2) әзірлік паспорты ескертулермен берілсін;

      3) әзірлік паспортын беруден бас тартылсын. 

      25. Әзірлік паспортын алу үшін шарттарды орындағанын растайтын ұсынылған құжаттар мазмұнының сәйкестігі комиссияның әзірлік паспортын беру туралы шешімін қабылдау үшін негіз болып табылады. 

      26. Комиссияның әзірлік паспортын беру туралы шешімі немесе әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы шешімі кезінде хаттамаға қол қойылғаннан кейін өтініш берушіге әзірлік паспорты электронды/қағаз түрінде жіберіледі.

      Берілген әзірлік паспорттары осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспорттарын тіркеу журналында тіркеледі.

      Әзірлік паспорты алдағы күзгі-қысқы кезеңде қолданылады.

      27. Әзірлік паспортын алу үшін шарттарға ұсынылған құжаттардың сәйкестігі комиссияның әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы шешімін қабылдау үшін негіз болып табылады, бұл ретте кейбір құжаттар мазмұны бойынша қосымша түсіндірмелер, материалдар және негіздемелер ұсынылуы қажет.

      Ескертулер келесі жылдың 1 қаңтарына дейін жою үшін белгіленіп беріледі.

      Берілген ескертулерді орындау туралы ақпаратты ұйым мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органға, оның аумақтық бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органға ескертулерді орындау мерзімі өткен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      28. Мыналар комиссияның әзірлік паспортын беруден бас тартуы үшін негіздеме болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелді) сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

      29. Комиссия әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, хаттамаға қол қойылғаннан кейін өтініш берушіге электронды/қағаз түрінде дәлелді жауап жіберіледі.

      30. Осы қағидалардың 28-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, белгіленген мерзімде әзірлік паспортын алмаған ұйым күзгі-қысқы кезеңде жұмысты жалғастырады және ескертулерді көрсетілген мерзімдерде жоюды қамтамасыз етеді.

      31. Ұйымдар үшін әзірлік паспортын алу мерзімі жыл сайын 31 қазанды қоса алғанда, жүйелік оператор үшін жыл сайын 25 қарашаны қоса.

  Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

____________________________________________________________________
(паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы) Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың _________ жж.
күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты

      №_________________ _______________________ қ.
      "____" _____________ 20___ ж. (паспорт жасалған жер)
      (паспорттың нөмірі және берілген күні)
      Осы паспорт ________________________________________________ берілді.

      (ұйымның заңды атауы)

      __________________________________
      __________________________________
      __________________________________
      __________________________________
      __________________________________ _________________________________
      (басшының лауазымы) (басшының Тегі, Аты, Әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
      МО (бар болған жағдайда)
      Сериясы ______ № ______

  Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
2-қосымша
Нысан

____________________________________________________________________
(паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы) Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың _________ жж.
күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты ескертулермен

      №_________________ _______________________ қ.
      "____" _____________ 20___ ж. (паспорт жасалған жер)
      (паспорттың нөмірі және берілген күні)
      Осы паспорт ________________________________________________ берілді.
      (ұйымның заңды атауы)
      __________________________________
      __________________________________
      __________________________________
      __________________________________
      __________________________________ _________________________________
      (басшының лауазымы) (басшының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))
      МО (бар болған жағдайда)
      Сериясы ______ № ______

  Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
(кімге)
__________________________
(органның атауы)
____________________________
(заңды тұлғаның атауы)

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш ____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
______________________________________________________________
(БСН, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
анықтаманың нөмірі және күні)

      Заңды тұлғаның және оның энергия объектісінің орналасқан жері:
      Пошталық мекенжайы_________________________________________________
      Телефон нөмірлері ___________________________________________________
      E-mail ______________________________________________________________
      Факс________________________________________________________________
      Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:
      1. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
      2. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
      3. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
      4. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
      5. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
      6. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
      Ұйымның басшысы___________________________________________________
      (лауазымы, Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
      МО (бар болған жағдайда) 20__ ж. "___" ______________

  Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың __________ жж.
күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі

      _____________________________ ___________________
      (акт жасалған жер) (күні)
      ____________________________________________________________________
      (ұйымның атауы)
      __________________ № _____________ бұйрығымен тағайындалған комиссия.
      ____________________________________________________________________
      (энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда
      ____________________________________________________________________
      жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалғаны
      ____________________________________________________________________
      орындалмағаны көрсетіледі)
      Тұжырым:___________________________________________________________
      (ұйым күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзір - әзір емес)

Комиссия төрағасы:

 
 
 
(лауазымы)

 
(басшының қолы және ұйымның мөрі)

 
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Комиссия төрағасының орынбасары:
 

 
 
 
(лауазымы)

__________________
(басшының қолы және ұйымның мөрі)

(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Комиссия мүшелері:

 
 
 
(лауазымы)

 
(басшының қолы және мемлекеттік органның мөрі)

 
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))


 
 
 
(лауазымы)

 
(қолы)

 
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))


 
 
 
(лауазымы)

 
(қолы)

 
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

  Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу
қағидаларына
5-қосымша

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттары

      1. Энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін келесі құжаттар беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпанда № 73 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10451 болып тіркелді) Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;

      2) алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын жеткізуге арналған шарттардың көшірмелері;

      3) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акт

      4) энергия өндіруші ұйымның жүктемелер кестесін орындауға әзірлік актісі, яғни жұмыс пен резервте қажетті жабдық құрамының болуы;

      5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 сәуірде № 172 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14033 болып тіркелді) Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларына сәйкес, белгіленген қоймада талаптарға сәйкес негізгі және резервтік (авариялық) отын қорының болуы туралы анықтама;

      6) жұмысқа өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі әзірлік актісі;

      7) автоматика және релелік қорғаныс құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

      8) гидроқұрылыстарды (бар болған жағдайда) және күл үйінділерінің қалған сыйымдылығын күзгі комиссиялық қарап тексеру жүргізу туралы актісі;

      2. Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін келесі құжаттар беріледі:

      1) Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;

      2) электр жүктемелері кестесін орындауға әзірлік туралы акті, яғни жұмыста және резервте жүктемелер кестесін орындау және электр беруші желілер мен трансформаторлардың өткізу қабілеті шегінде электр энергиясы мен қуатты беру үшін қажетті жабдық құрамының болуы (күзгі-қысқы кезеңде 10-110 кВ бойынша режимдік (қалыпты) схемалар, режимдік схема кезінде өткен жылғы жаздық және қыстық бақылау күндеріне жүктемелерді өлшеулер);

      3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурызда № 230 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелді) Электр қондырғыларын орнату қағидаларына және нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес, электр желілерінің жабдығына келетін көлемде және мерзімдерде сынақтар жүргізу туралы акті;

      4) релелік қорғау және автоматика, апатқа қарсы автоматика құрылғыларына толық көлемде техникалық қызмет көрсетуді орындау туралы акті, бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік және технологиялық басқару құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің әзірлігі (актілердің көшірмелері);

      5) энергия көздері қуатының тапшылығы туындаған кезде, сондай-ақ электр желілеріндегі авариялық жағдайда тұтынушыларды шектеу (веерлі ажыратулар) кестелерінің көшірмелері;

      6) пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып, кестелер мен кезеңділікке сәйкес техникалық куәландырудан өткен жабдық, электр қондырғыларының, әуе желілердің, кәбілді желілердің, релелік қорғау және автоматика құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың энергия кәсіпорындары жұмыс комиссияларының электр қондырғыларына техникалық куәландыруды жүргізуі тізбесі;

      7) аварияға қарсы, өртке қарсы объектілік жаттығу жүргізу материалдары (жүргізілген жаттығулар тақырыптамалары мен персоналдың іс-қимылын бағалау);

      8) жедел-көшпелі және желілік бригадалардың көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілгендігі туралы актісі.

      3. Жылу энергиясын тасымалдауды және таратуды (жылу желілері) жүзеге асыратын энергия беруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін келесі құжаттар беріледі:

      1) электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және техникалық актілерге сәйкес қажетті көлемде және сапада негізгі және қосалқы жабдықты жоспарлы жөндеудің орындалуы туралы актісі;

      2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар және құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акті;

      3) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің әзірлік актісі;

      4) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының әзірлік актісі;

      5) энергия көздері қуаты мен жылу желілерінің қабілетінің тапшылығы туындаған кезде жергілікті атқарушы органдармен келісілген тұтынушыларды шектеу кестелері;

      6) жылу беретін ұйымдардың аталған жерді жылыту үшін жылу желілері мен жылу көздерінің сыртқы ауаның есептік температурасына жылу желілері жұмысының температура кестелерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі актісінің болуы.

  Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын тіркеу журналы

Берілген күні

Бланк нөмірі

Ұйым атауы

Әзірлік паспортын берген адамның Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы

Әзірлік паспортын алған ұйым өкілінің қолы

Бланкті қайтару белгісі

1

2

3

4

5

6







      Журнал нөмірленуі, тігілуі, паспорт берген мемлекеттік органның мөрімен және басшысының қолымен бекiтілуі тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 15.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады