"Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 28 шілдедегі № 514 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 қыркүйекте № 15607 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13391 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) қалпына келтіру, азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықтан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларында:

      қағидалардың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары";

      21-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы 1996 жылғы 26 ақпандағы азаматтықты алудың жеңілдетілген тәртібі туралы Келісімге (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған) (бұдан әрі – Келісім) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібіне Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының азаматтары жатады.

      Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу және басқа Тараптың азаматтығын тоқтату үшін облыстардың ІІД бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді.

      Өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;

      2) өмірбаян (ерікті нысанда);

      3) бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      4) өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;

      5) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;

      6) жеке басын куәландыратын және Келісімге қатысушы елдердің біреуінің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі;

      7) тиісті мемлекеттің құзыреті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығынан шығу немесе тоқтату туралы жүгіну фактісін растайтын анықтама:

      8) туу туралы және неке туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      9) мемлекеттік баж төлеу және оны төлеуден боастылғаны туралы құжат қоса беріледі.

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Қазақстан Республикасының азаматтығын мынадай жағдайларда:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда адамның басқа мемлекеттің әскери қызметіне, қауіпсіздік қызметіне, полицияға, әділет органдарына немесе өзге де мемлекеттік билік және басқа мемлекеттің басқару органдарына орналасуы салдарынан;

      2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттарды ұсыну нәтижесінде алынса;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;

      4) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;

      5) егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныған жағдайда;

      6) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, шетелдіктерге асырап алуға берілген бала кәмелетке толған кезде оның ерікті қалауы бойынша;

      7) адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан жоғалтады.".

      41-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуды тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген адамға оны Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру жөнінде шешім қабылдаудың негіздері және себептері туралы хабарланғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылуды осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамдарды есепке алу журналына тіркейді.

      Қазақстан Республикасының азаматтығын айырылған адамдар туралы он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Халықты құжаттандырудың деректер базасына мәлімет енгізеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне хабарлайды.

      Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органынан Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркелген адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы туралы ақпарат түскенде ішкі істер органдары осы адамға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғандығын тіркейді.";

      мынадай мазмұндағы 9-тараумен толықтырылсын:

      "9. Азаматтығынан айыру тәртібі.

      45. Азаматтықтан айыруға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жағдайларда террористік қылмыстар жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана жол беріледі.

      46. Азаматтығынан айыру он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға тағайындалмайды.

      47. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы күшіне енген сот үкімі келіп түскеннен кейін ішкі істер органдары азаматтығынан айыру туралы қорытынды (ерікті нысанда) шығарады, оны Астана, Алматы қалаларының, облыстардың ІІД бастықтары не олардың орынбасарлары бекітеді.

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан адамдардың журналында тіркейді.

      48. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамдар туралы ішкі істер органдары қорытынды бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы халқының құжаттандырылған деректер базасына мәліметтер енгізеді.";

      Осы қағидалардың 1-қосымшасының оң жақ жоғары бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтығын жоғалту, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 1-қосымшасы";

      Осы қағидалардың 2-қосымшасының оң жақ жоғары бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтығын жоғалту, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 2-қосымшасы";

      Осы қағидалардың 3-қосымшасының оң жақ жоғары бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтығын жоғалту, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 3-қосымшасы";

      Осы қағидалардың 4-қосымшасының оң жақ жоғары бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтығын жоғалту, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 4-қосымшасы";

      Осы қағидалардың 5-қосымшасының оң жақ жоғары бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтығын жоғалту, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 5-қосымшасы";

      Осы қағидалардың 6-қосымшасының оң жақ жоғары бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтығын жоғалту, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 6-қосымшасы";

      Осы қағидалардың 7-қосымшасының оң жақ жоғары бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтығын жоғалту, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 7-қосымшасы";

      Осы қағидалардың 8-қосымшасының оң жақ жоғары бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтығын жоғалту, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 8-қосымшасы";

      Осы қағидалардың 9-қосымшасының оң жақ жоғары бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтығын жоғалту, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 9-қосымшасы";

      Осы қағидалардың 10-қосымшасының оң жақ жоғары бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтығын жоғалту, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 10-қосымшасы";

      Осы қағидалардың 11-қосымшасының оң жақ жоғары бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтығын жоғалту, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 11-қосымшасы";

      Осы қағидалардың 12-қосымшасының оң жақ жоғары бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтығын жоғалту, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 12-қосымшасы";

      Осы қағидалардың 13-қосымшасының оң жақ жоғары бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтығын жоғалту, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына 13-қосымшасы";

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (Қабденов М.Т.) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады