Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 203 бұрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 қыркүйекте № 15611 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 29) және 43) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ___________ Д. Абаев

      2017 жылғы 14 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 7 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2017 жылғы 3 шілдедегі
№ 203 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларында:

      13-тармақта:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық олимпиада комитеті, Азияның Олимпиада кеңесі таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжаттың көшірмесі - олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжаттың көшірмесі - Паралимпиадалық спорт түрі бойынша спорт федерациялары үшін;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстан Республикасы атынан халықаралық спорт ұйымына мүшелігін және Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы құжаттың көшірмесі – ұлттық спорт түрі (түрлері) бойынша спорт федерациялары үшін;".

      2. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.07.2020 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 209 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11642 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидасында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелерін беру туралы шешім қабылдайтын орган болып табылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жергілікті атқарушы органның спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелерін беру туралы шешімнің көшірмесі не спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелерін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мерзімде спорт мектебінің басшысына жіберіледі.".

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады