"Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 20 шілдедегі № 487 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 қыркүйекте № 15623 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 23 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) вагондарды беру-алып кету – маневрлік локомотивпен вагондардың:

      станциялық жолдардан – тиеу, түсіру (жүктен босату) орындарына, кірме жолдарға;

      кірме жолдарда – контрагенттің қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдары мен тиеу, түсіру (жүктен босату) орындары арасында орнын ауыстыру;";

      85-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жүк тиеуді және тасымалдау құжаттарын ресімдеуді аяқтағаннан кейін, жүк жөнелтуші вагондарды беру-алып кету шартымен белгіленген қабылдау-тапсыру жолдарында қабылдаушы-тапсырушының осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес ГУ-45 нысанды жаднамасына және (немесе) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес ГУ-46 нысанды вагонды беру-алып кету тізімдемесіне қол қою арқылы қабылдау-тапсыру операцияларын жүргізу жолымен вагонды немесе контейнерді тасымалдаушыға береді.";

      96-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жүк түсіру және тиеу орындарында және кірме жолдарда тасымалдаушы өкілінің қатысуынсыз жүк алушының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның құралдарымен жүктерді түсіру кезінде, жүк алушының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қабылдап-тапсырушының жаднамасындағы немесе вагондарды беру-алып кету тізімдемесіндегі "Вагонды қабылдадым" бағанындағы қолы жүкті нақты берудің растамасы болып табылады.";

      253-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "253. Ұлттық темір жол компаниясы филиалдарының кәсіпорындарымен және өкілдіктерімен вагондарды беруге-алып кетуге шарттар жасалмайды. Вагондарды беру-алып кету тәртібі, олардың кірме жолда болуының технологиялық мерзімі және басқа барлық шарттар Инфрақұрылымның ұлттық операторының бұйрығымен белгіленеді. Бұйрық бес жыл мерзімге шығарылады.";

      254-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "254. Жүк тиеу және түсіруді орындауға арналған станция жолдарына вагондарды беру-алып кету тәртібі, вагондардың бұл жолдарда технологиялық болу уақыты және басқа барлық шарттар Инфрақұрылымның ұлттық операторының бұйрығымен белгіленеді.";

      267-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) вагондарды кірме жолға беру-алып кету тәртібі;";

      268-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "268. Вагондарды кірме жолда ғы тиеу және түсіру пункттеріне немесе кірме жолдың аумағындағы қабылдау-тапсыру жолдарына (шығарып қоятын) тасымалдаушының локомотивімен бергені және вагондарды әкеткені үшін вагондарды бергені-алып кеткені үшін алымдар алынады.

      Вагондарды бергені-алып кеткені үшін алымдар алынатын қашықтық вагондарды беру-алып кету шартында көрсетіледі.

      Вагондарды беру-алып кету қашықтығы темір жол вокзалының осінен кірме жолдың схемасы немесе паспорттық деректері, станцияның техникалық-басқару актісі (ТБА) немесе станцияның схемасы бойынша, ал олар болмағанда нақты өлшеу арқылы анықталады.

      Кірме жолға тасымалдаушының, Ұлттық инфрақұрылым операторының локомотивімен қызмет көрсеткен кезде вагондарды беру-алып кету қашықтығы темір жол вокзалының осінен бастап кірме жолдардағы екі жақ шеттегі жүктерді тиеу, түсіру (босату) пункттеріне дейін анықталады.

      Кірме жолда вагондарды беру-алып кетудің бірнеше пункттері болған жағдайда, вагондарды беру-алып кету қашықтығы әрбір пункт бойынша қашықтыққа және вагондар санына байланысты орташа өлшенген қашықтық ретінде анықталады.

      Кірме жолға тармақ иесінің локомотивімен қызмет көрсеткен жағдайда, осы жолдардың ұзындығын қоса алғанда, вагондарды қабылдау-тапсыру (шығарып қоятын) жолдарға беру-алып кету қашықтығы жолаушылар ғимаратының (теміржол вокзалының) осінен екі шетке дейін арқылы анықталады.

      Жолаушылар ғимараты (теміржол вокзалы) болмаған жағдайда, вагондарды беру-алып кету қашықтығы станция бойынша кезекші ғимаратының осінен бастап анықталады.";

      270-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "270. Вагондарды кірме жолдарға беру-алып кету хабарламалар бойынша, кесте бойынша, кірме жолда тұру уақыты интервалдары кезінде есептеледі:

      1) хабарламалар бойынша – хабарламада көрсетілген мерзімнен ерте емес;

      2) кесте бойынша – кестеде көзделген мерзімнен ерте емес;

      3) интервалдар бойынша – алдыңғы беруден кейінгі уақыт өткеннен ерте емес.;

      271-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      271. Кірме жолы жоқ жүк жөнелтушіге (жүк алушыға) вагондарды тармақ иесінің кірме жолына беру оның келісімімен жүргізіледі. Мұндай келісім тармақ иесінің жүк жөнелтушімен (жүк алушымен) жазабаша келісімімен ресімделуі тиіс. Келісімде жүк операциялары үшін қолданылатын нормалар және кірме жолда вагондардың бос тұрғаны үшін кім - тармақ иесі немесе жүк жөнелтуші (жүк алушы) жауапты болатыны көрсетіледі және вагондарды бергені және әкеткені үшін алымды төлейді. Тасымалдаушы келісімнің шарттарымен келіскен жағдайда оған қол қояды және вагондарды кірме жолға беруге рұқсат береді. Келісім станция істерінде қалады. Жүк жөнелтушіге (жүк алушыға) ресімделген вагондарды беру-алып кету тізімдемелерінде келісімге сілтеме жасалады.";

      285-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "285. Вагондарды қосарланған операцияларға беру, шарт бойынша вагондарды беру-алып кету қосарланған операциялар үшін (түсіру және тиеу) жеке мерзім, яғни уақыты өткеннен кейін жүгі түсірілетін вагондар жүк тиеуге алынатын уақыт белгіленген кезде, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес ГУ-46 нысанындағы вагондарды беру-алып кету тізімдемесінде "Ескерту" бағанында жүгі түсірілген және жүк тиелген вагондардың қарсысына "Қосарланған операция" белгісі қойылады. Егер қосарланған операцияға мерзім белгіленбесе, онда екі дербес операция кезіндегідей жазу жазылады. Бұл ретте "Ескерту" бағанында тиісінше "Жүк тиеуге қалдырылды" немесе "Жүгі түсіріліп болған" белгілері қойылады.";

      376-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кірме жолды пайдалануға немесе жүк алушының, жүк жөнелтушінің жауапкершілігі есепке алынып, кірме жолды пайдалануға немесе вагондарды беру-алып кету арналған шартта белгіленген тағайындалу станциялары бойынша вагондарды топтап (бір жүк алушының адресіне жіберілетін топтағы вагондардың барынша мол саны оның түсіру (босату) пунктінің түсіру қабілеттілігіне сәйкес келеді) іріктеу арқылы бір тиеу (босату) учаскесінің станцияларына арналған маршруттарға;";

      521-тармақтын он тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жүк жөнелтушінің, жүк алушының, өзге ұйымдардың вагонның бұзылғаны туралы актіге, контейнердің зақымданғаны туралы актіге, қабылдап тапсырушының жаднамасына, вагондарды беру-алып кету тізімдемесіне, тасымалдау өтінімінің (жоспарының) орындалуын есепке алу карточкасына және теміржол көлігінің жұмыс технологиясында көзделген басқа құжаттарға қол қоюдан бас тарту немесе жалтаруы. Бұл жағдайларда қол қою көзделген орында нөмірі және жасалу күні көрсетіле отырып, жалпы нысандағы актінің жасалғаны туралы белгі қойылады, оған станциядағы тасымалдаушының өкілі қол қояды және станцияның жолдық мөртабанымен расталады.";

      523-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жүк жөнелтушінің, жүк алушының, өзге ұйымдардың вагонның бұзылғаны туралы актіге, контейнердің зақымданғаны туралы актіге, қабылдап тапсырушының жаднамасына, вагондарды беру-алып кету ведомосына, тасымалдау жоспарының орындалуын есепке алу карточкасына қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, жалпы нысандағы акт қол қойылмаған, көрсетілген, екі жақты құжаттардың екінші данасымен бірге жүк жөнелтушінің, жүк алушының, басқа да ұйымның мекенжайына тапсырыстық хатпен жіберіледі.".

      Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына 10, 11, 23, 25-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес мынадай редакция жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
Министрінің міндетін атқарушы
А. Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 28 шілде

  "Жолаушыларды, багажды,
жүктерді, жүк-багажды және
почта жөнелтілімдерін
тасымалдау қағидаларын
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 545 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы"
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму министрінің
міндетін атқарушының
бұйрығына
1-қосымша
  Теміржол көлігімен
жүктерді тасымалдау
қағидаларына
10-қосымша

      ГУ-45 нысаны
      Станция ______________
      №________ вагондарды беру-алып кетуге арналған
қабылдап-тапсырушының жаднамасы

      Клиент _________________________________________________ (атауы, БДШ)
      Төлеуші ________________________________________________ (атауы, БДШ)
      Беру орны ___________________________________________________________
      Екі жаққа беру қашықтығы ____________ км
      Беру ______________ локомотивімен жүргізілді
      Поезд индексі ________________

Р/с

Вагон №

Жүктің атауы

Жүктің салмағы (тонна)

Жүк операциясының атауы

Операцияны орындау уақыты (күні, айы, сағаты, минуты)

Маневрлік жұмыс уақыты (сағаты, минуты)

Ескерту

Вагонды шығарып тұрақтату жолына беру-алып кету

Жүк операциясының аяқталуы/вагонды шығарып тұрақтату жолына қайтару туралы хабарламалар

Вагонды беру

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Барлығы: ____________ вагон Белгілерге арналған орын:
      Вагонды қабылдаған __________________________________________________
      Вагонды тапсырған ___________________________________________________
      Қабылдап-тапсырушы __________________________________________________
      Қабылдап-тапсырушы тапсырды _________________________________________
      Жаднама № ____________ беру- алып кету тізімдемесі бойынша жүргізілді
      Тауар кассирі (станция агенті) ______________________________________
      Ескерту: БДШ – бірыңғай дербес шот
      ГУ-45 ВЦ нысаны
      Станция ______________________
      Қабылдап-тапсырушының №________ вагондарды беру-алып кетуге арналған жаднамасы
      Жүк алушы/жүк жөнелтуші ___________________________ (атауы, БДШ)
      Төлеуші ______________________________________________ (атауы, БДШ)
      Беру орны _________________________________________________________
      Екі жаққа беру қашықтығы ______________________________________ км
      Беру _______________________________________ локомотивімен жүргізілді
      Поезд индексі ______________________________________________________

Р/с №

Вагон №

Жүктің атауы

Жүктің салмағы (тонна)

Теміржол әкімшілігінің коды

Вагонның тиесілігі

Жүк операциясының атауы

Операцияны орындау уақыты (күні, айы, сағаты, минуты)

Беру/қабылдаудың кідіруі

Маневрлік жұмыс уақыты
(сағаты, минуты)

Ескерту

Вагонды шығарып тұрақтату жолына беру-алып кету

Жүк операциясының аяқталуы/вагонды шығарып тұрақтату жолына қайтару туралы хабарлама

Вагонды әкету

Уақыты (сағаты, минут)

ГУ-23 жалпы нысандағы актісінің №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

      Барлығы: ____________________________ вагон Белгілерге арналған орын:
      Вагонды қабылдаған __________________________________________________
      Вагонды тапсырған____________________________________________________
      Қабылдап-тапсырушы __________________________________________________
      Қабылдап-тапсырушы тапсырды _________________________________________
      Жаднама № ____________ беру-алып кету тізімдемесі бойынша жүргізілді
      Тауар кассирі (станция агенті) ______________________________________
      Ескерту: БДШ – бірыңғай дербес шот

  "Жолаушыларды, багажды,
жүктерді, жүк-багажды және
почта жөнелтілімдерін
тасымалдау қағидаларын бекіту
туралы" Қазақстан
Республикасы Инвестициялар
және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 545 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы"
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
міндетін атқарушының
бұйрығына
1-қосымша
  Теміржол көлігімен
жүктерді тасымалдау
қағидаларына
11-қосымша

      ГУ-46 нысаны
      Станция _____________
      №________ вагондарды беру-алып кету тізімдемесі
      №__________________________ вагондарды беру-алып кетуге арналған шарт
      Кірме жолдың атауы __________________________________________________
      Жүк алушы/жүк жөнелтуші
      _____________________________________________________________________
      (атауы, БДШ)
      Төлеуші _____________________________________________________________
      (атауы, БДШ)
      БИН/ЖСН _____________________________________________________________
      Есеп айырысу шоты ___________________________________________________
      Беру _______________________________________ локомотивімен жүргізілді
      Екі жаққа беру қашықтығы _________________________________________ км
      Қабылдап-тапсырушының №___________ вагонды беруге арналған жаднамасы

Р/с №

Вагон №

Жүктің атауы

Жүк операциясының атауы

Вагондардың кірме жолда болу уақыты (күні, айы/сағаты,мин.)

Вагондардың кірме жолда болатын жалпы уақыты (сағатпен)

Технологиялық операция нормасы

Вагондарды пайдаланғаны үшін төлем сомасы (теңге)

Төлем еселігі

Ставкасы көбейтілген вагондарды пайдаланғаны үшін төлем сомасы
(теңге)

Вагондарды беру- алып кету үшін алым (теңге)

Маневрлік жұмыс уақыты (сағаты, минуты)

Маневрлік операциялар үшін алым (теңге)

Ескерту

Кірме жолға беру

Жүк операциясын аяқтау

Вагондарды әкету

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

















































      Жүк алушының (жүк жөнелтушінің) қолы __________ Тасымалдаушы өкілінің
      қолы __________________
      Ескерту: БДШ – бірыңғай дербес шот
      ГУ-46 ВЦ нысаны
      Станция ________________
      №________ вагондарды беру-алып кету тізімдемесі
      № ________________ вагондарды беру-алып кетуге арналған шарт
      Кірме жолдың атауы __________________________________________________
      Жүк алушы/жүк жөнелтуші _____________________________________________
      (атауы, БДШ)
      Төлеуші _____________________________________________________________
      (атауы, БДШ)
      БИН / ЖСН ___________________________________________________________
      Есеп айырысу шоты ___________________________________________________
      Беру _______________________ локомотивімен жүргізілді
      Екі жаққа беру қашықтығы ___________________________ км
      Вагондарды қолданғаны үшін төлем _______________________ теңге
      Вагондарды әкелгені және әкеткені үшін алым ___________________ теңге
      Маневрлік операциялар үшін алым ________________________ теңге

Р/с

Вагон №

Вагондардың кірме жолда болу уақыты (күні, айы/сағаты,мин.)

Вагондардың кірме жолда болатын жалпы уақыты (сағатпен)

Технологиялық операция нормасы

Вагондарды пайдаланғаны үшін төлем сомасы (теңге)

Берудің/қабылдаудың кідіруі

Төлем еселігі

Маневрлік жұмыс уақыты (сағат, минуты)

Ескерту

Жүктің атауы

ГУ-23 жалпы нысанды актісінің №

Есептік уақыт (сағат)

Вагонның тиесілігі

Ставкасы көбейтілген вагондарды пайдаланғаны үшін төлем сомасы (теңге)

Акт жасау датасы (күні, айы, жылы)

Жүк операциясының атауы

Акт жасалған уақыт (сағаты, минуты)

Акт бойынша сомасы (теңге)

Қабылдап-тапсырушының вагонды беруге арналған жаднамасының нөмірі

Кірме жолға беру

Жүк операциясын аяқтау

Вагондарды әкету

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      Жүк алушының (жүк жөнелтушінің) қолы __________
      Тасымалдаушы өкілінің қолы _________________________________

  "Жолаушыларды, багажды,
жүктерді, жүк-багажды және
почта жөнелтілімдерін
тасымалдау қағидаларын бекіту
туралы"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 545 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы"
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму министрінің
міндетін атқарушының
бұйрығына
1-қосымша
  Теміржол көлігімен
жүктерді тасымалдау
қағидаларына
23-қосымша

      Келісім
      Негізгі Тармақ иеленуші _______________________________________
      (атауы)
      _________________________________________________________________және
      (атауы)
      _______________ кәсіпорыны арасындағы вагондарды беруге-алып кетуге
      арналған.
      _____________________________________________________________________
      (атауы)
      _____________________________ кәсіпорны _____________________________
      __________________________________________________________ тұлғасында
      бір жағынан және ____________________________________________________
      ___________________________________________________________ кәсіпорны
      (кәсіпорынның толық атауы)
      __________________________________________________________ тұлғасында
      (лауазымы, Т.А.Ә.)
      Осы Келісімді төмендегілер туралы жасасты:
      1. Жүктерді тасымалдау қағидасына сәйкес және теміржол кірме
      жолына вагондарды беру- алып кетуге, кірме жолды пайдалануға арналған
      ____________ №_______ Шарттың осы Келісімінің ережелері бойынша
      _______________________________________________________________ атына
      (кәсіпорын атауы)
      _____________________________________ кірме жолына келетін вагондарды
      (тармақ иеленушінің атауы)
      беруге- алып кетуге рұқсат етіледі.
      2. Вагондарды беру-алып кету Жолдың немесе негізгі Тармақ
      иеленушінің локомотивімен, шептер бойынша орналастырып (керек емесін
      сызып тастау) жүгізіледі. Вагондарды беру-алып кету үшін төлемді
      өндіріп алу үшін арақашықтық Тармақ иеленуші мен Жолдың арасындағы
      Шартқа сәйкес екі жаққа қарай _____________ км болып қабылданады.
      3. Кірме жолда Жүктерді тасымалдау қағидасының 1 және 2
      бөлігіне сәйкес тиеу және түсіру мерзімдері белгіленеді.
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      4. Кірме жолда бірдей жүктерді тиеу және түсіру бойынша бір
      уақыттық шеп келесі мөлшерлерде белгіленеді:

тиеу бойынша
______________________________
______________________________
______________________________

түсіру бойынша
______________________________
______________________________
______________________________

      ___________________ вагондарын бір уақытта беру мөлшері.
      5. Вагондардың бос тұрып қалуы үшін __________________________
      ____________________________________________ жауапкершілікте болады.
      (кәсіпорын атауы)
      6. Вагондардың бос тұрып қалуын нөмірлік тәсіл бойынша есепке
      алу.
      Осы Келісім 201__ж. ________________ бастап 201___ж.
      _________________ қоса алғандағы_______________________ мерзімге
      жасалады
      Тараптардың мекенжайлары:

Тармақ иеленушінің
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________

Кәсіпорынның
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________

      Кәсіпорынның есептік шотының № ______________________
      ___________________ қ. __________________________ банк бөлімшесіндегі
      Қолдар:
      Тармақ иеленуші: кәсіпорын:
      _________________________ _______________________
      (Т.А.Ә.) (Т.А.Ә.)
      Станция бастығының келісімі:
      __________________________
      Ескерту: Келісім болған жағдайда, Станция бастығы вагондарды кірме жолға беруге рұқсат береді. Келісім станция істерінде қалады.

  "Жолаушыларды, багажды,
жүктерді, жүк-багажды және
почта жөнелтілімдерін
тасымалдау қағидаларын бекіту
туралы"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 545 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы"
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму министрінің
міндетін атқарушының
бұйрығына
1-қосымша
  Теміржол көлігімен
жүктерді тасымалдау
қағидаларына
25-қосымша

      Кірме жолды тексеру актісі
      _______жол бөлімшесінің __________станциясы _____ жылы ________
      айы _____ күні.
      Комиссия мына құрамда:
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      Кірме жолдар жөніндегі маман (инженер)_______________ _________
      Комиссия төрағасы
      Станция бастығы________________________________________________
      Тармақ иеленушінің немесе Контрагенттің өкілі
      _____________________________________________________________________
      темір жол кірме жолына тексеруді жүргізді
      _____________________________________________________________________
      (толық атауы)
      вагондарды беру-алып кетуге шарт жасасу үшін, БТС әзірлеу, РНО
      жүргізу немесе маневрлік операцияларға уақытты есептеу үшін (қажетін
      белгілеңіз).
      Комиссия мынаны белгіледі:


Тексеру нәтижесі

1. Тармақ иеленушінің немесе Контрагенттің атауы


2. Тармақ иеленушінің немесе Контрагенттің заңды және почталық мекен-жайы


3. Банк деректемелері


4. Кірме жолдың жанасу орны,жанасу бағыттарының нөмірі,қай жолға жанасады


5. Кірме жолдың жалпы ұзақтығы (м), соның ішінде ҰТК теңгерімінде (м)


6. Жолдың сипаттамасы мен техникалық жай-күйі (рельстер, шпалдар, балласт, жасанды құрылыстар)


7. Вагондарды беру орны: кірме жолға тапсыру және кірме жолдан әкету үшін


8. Кірме жолға қызмет көрсету кімнің локомотивімен жүргізіледі


9. Вагондарды беру және қайтару тәртібі (тәсілдері)


10. Кірме жолға келіп түсетін және кірме жолдан жөнелтілетін жүктердің атауы


11. Тиеу, түсіру орындары және олардың сыйымдылығы (төгуге, құюға арналған тікқұбырлар саны)


12. Кірме жолға бір мезгілде тапсырылатын вагондардың саны


13. ҰТК-сына вагондарды беру туралы хабарлама беру тәртібі (кім береді, кімге, телефондар нөмірлері).


14. Тасымалдаушының вагондарды әкетуге дайындығы туралы хабарламасын беру тәртібі (кім береді, қабылдайды, телефондар нөмірлері)


15. Кірме жолда техникалық құралдардың бар болуы:
а) жылыжайлар және олардың сыйымдылығы
б) вагон таразылары және олардың жүк көтергіштігі
в) маневрлік құралдар (с.і. жұмыс паркінде)
г) тиеу-түсіру тетіктері(техникалық сипаттамалар)
д) басқа техникалық құралдар


16. Негізгі иеленушінің жолына жанасатын басқа ұйымдардың кірме жолдарының тізбесі (атауы, ұзақтығы)


17. Екі жаққа вагондар беру-алып кету үшін алым өндіру үшін қашықтық (км)


18. Кірме жолға берілетін вагондардың орташа тәуліктік саны


19. Вагондарды беру-алып кету үшін шарттар әзірлеу үшін қажетті басқа деректер


20. Вагондардың кірме жолда болу уақытын қысқарту жөніндегі комиссияның ұсыныстары


      Станция бастығы
      _____________________________________________________________________
      Комиссия мүшелері: ___________________________________________________
      Кірме жолдар жөніндегі инспектор: ______________________________________
      Тармақ иесінің немесе контрагенттің өкілдері
      _____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады