Асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының ғимараттарын, үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) өтеусіз уақытша беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 549 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қыркүйекте № 15637 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының ғимараттарын, үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) өтеусіз уақытша беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электронды түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізуге жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 10 тамыздағы
№ 549 бұйрығымен бекітілген

Асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының ғимараттарын, үй-жайларын және
олардағы әскери мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) өтеусіз уақытша беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының ғимараттарын, үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) өтеусіз уақытша беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының ғимараттарын, үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті (бұдан әрі – мүлік) мүліктік жалға (жалдауға) өтеусіз уақытша беру тәртібін айқындайды.

      2. Мүлікті жалға беруші (жалдауға беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтары, әскери бөлімдері мен Академиясы болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2023 № 938 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мүлікті жалға алушы (жалдаушы) жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

      4. Жалға берушінің мүлікті өтеусіз уақытша беруі жеке және заңды тұлғалардың тамақтандыруды және (немесе) монша-кір жуу қызметін ұйымдастыру жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

      5. Мүлікке асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының ғимараттары, үй-жайлары және олардағы әскери мүлік, сондай-ақ жалға берушінің теңгеріміндегі мүлік жатады.

      6. Мүлікті өтеусіз уақытша беру үшін жалға беруші мен жалға алушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабына сәйкес "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге жасалған шарттардың мерзімдері шегінде мүліктік жалға беру (жалдау) шартын жасасады.

2-тарау. Асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының ғимараттарын, үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) өтеусіз уақытша беру тәртібі

      7. Жалға алушыға уақытша пайдалануға берілуі тиіс мүліктің тізбесі тамақтандыруды және (немесе) монша-кір жуу қызметін ұйымдастыру бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру кезінде айқындалады.

      8. Мүліктік жалға беру (жалдау) шарты жалға алушымен тараптар тамақтандыруды және (немесе) монша-кір жуу қызметін ұйымдастыру жөніндегі тиісті шартқа қол қойған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жасалады.

      9. Мүліктік жалға беру (жалдау) шартына қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жалға беруші жалға алушыға барлық мүлікті қабылдау-тапсыру актісі бойынша береді.

      10. Қабылдау-тапсыру актісінде мыналар:

      1) актінің жасалған орны мен күні;

      2) оларға сәйкес өкiлдер тараптардың мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi құжаттардың атауы мен деректемелері;

      3) объектіні тапсыру жүргізілетін мүліктік жалға беру (жалдау) шартының нөмiрi мен қол қойылған күнi;

      4) тапсырылатын объектiнiң және олардағы әскери мүліктің анықталған ақаулардың тiзбесімен бірге техникалық жай-күйі;

      5) тараптардың мөрімен расталған тараптардың өкілдерінің қолдары көрсетіледі.

      11. Қабылдау-тапсыру актісі мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады, біреуі жалға берушіде қалады, екіншісі жалға алушыға беріледі.

      12. Коммуналдық қызмет көрсетуге, электр энергиясына, суға және кәріздік ағындарға шығыстар жалға алушыға белгіленген лимит шегінде тегін ұсынылады, олар тамақтандыруды және (немесе) монша-кір жуу қызметін ұйымдастыру жөніндегі шартта көрсетіледі.

      13. Жалға алушы "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысымен бекітілген ғимараттарды ағымдағы жөндеу кезінде орындалатын жұмыстардың тізбесіне сәйкес уақытша пайдалануға қабылданған мүлікке: қосалқы үй-жайлары бар асханаға, азық-түлік қоймасына және көкөніс сақтау орнына өз есебінен ағымдағы жөндеу жүргізеді, сондай-ақ асхананың жабдығына қызмет көрсетеді және жөндейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады