Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 07.06.2024 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 77-5) және 77-7) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
Р. Құрманов |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 336 бұйрығына 1-қосымша |
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік
балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру
шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су
айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттары
1. Осы Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарт) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 77-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары және (немесе) учаскелер бойынша жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiту кезінде қолданылады.
2. Ащы-тұзды (артемия цисталарын өндіру үшін жарамды) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері жатады:
ихтиофаунаның болмауы;
судың минералдануы 30 г/дм3 артық;
тереңдігі 0,5 метрден кем емес (құрғайтын балық шаруашылығы су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен басқа).
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 17.08.2020 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы Өлшемшарттарда пайдалынатын терминдер мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.
4. Өлшемшарттар мыналар болып табылады:
1) кәсіпшілік балық аулау үшін:
балық ресурстары және басқа да су жануарлары және тұрақты кәсіпшілік аулауды жүргізуге мүмкіндік болған кезде ірі балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері;
су айдындарына кәсіпшілік жүктеме балық ресурстары мен басқа да су жануарларын табиғи өсімін молайтуға мүмкіндік береді;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін:
кәсіпшілік балық өсіруді ұйымдастыру, көлде тауарлы балық өсіру және тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізу мүмкін емес су айдындары және (немесе) учаскелері (түбінде тырбиған ағаштары бар, балық қырылу қауіптілігі құбылысына ұшыраған су айдындары, бөгеулер, ағыстар);
кәсіпшілік балық түрлерінің өнімділігі төмен және олардың өсімін молайту үшін айтарлықтай мәні жоқ су айдындары және (немесе) учаскелері;
3) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы үшін:
оқшауланған (бөліп тасталған) су айдындары (су айдындары жүйелері), теңіздердің, өзендер мен су қоймаларының бөлінген шығанақтары, жергілікті маңызы бар басқа да оқшауланған су айдындары, негізінен құндылығы төмен балық түрлері аз құнды түрлерімен мекендейтін және табиғи балық өнімділігі төмен балықтар су айдынын толық (жаппай) аулау мүмкіндігі;
4) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы үшін:
жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 17.08.2020 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 336 бұйрығына 2-қосымша |
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік
балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру
шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су
айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын айқындау әдістемесі
1. Осы Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылдың 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1 тармағының 77-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын (бұдан әрі – өлшемшарт) әзірлеу кезінде қолданылады.
2. Осы Әдістемеде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.
3. Өлшемшарттарды айқындау мынадай деректерді зерделеу және жинақтау жолымен жүзеге асырылады:
1) су айдыны және (немесе) учаскесі акваториясының шекарасы мен аумағы, тереңдігі;
2) су объектілерінің жай-күйі, гидрохимиялық құрамы, гидрологиялық режимі, ағынның және толқынның бар-жоғы, түбінің сипаттамасы (бұтақ ағаштың, су түбіндегі шөгінділердің бар-жоғы);
3) шағын және орта су айдындарының, теңіздердің, өзендер мен су қоймаларының бөлінген шығанақтарының жай-күйі, балықтардың қырылуын және басқа су айдындарынан кіруін болдырмау және толық (жаппай) аулау жүргізу мүмкіндігі мақсатында су айдындарының балық қырылу қауіптілігі, басқа су айдындарынан оқшаулану белгілері;
4) ихтиофауналардың құрамы, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының табиғи өсімін молайтуға жасалған жағдай;
5) су айдындарының балық өнімділігі, кәсіпшілік балықтың және басқа да су жануарларының саны.
4. Мыналарды:
1) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін негізгі шарттар:
балықтардың және басқа да су жануарларының тыныс-тіршілігі үшін қанағаттанарлық жағдаймен қамтамасыз ететін гидрохимиялық құрамы мен гидрологиялық режимі бар терең сулы су айдындары немесе учаскелері;
кәсіпшілік аулау құралдарын пайдалануға мүмкіндік беретін түбінің сипаттамасы бар су айдындары;
балық ресурстарының табиғи өсімін молайтуға зиян келтірместен орнықты балық шаруашылығын жүргізу;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу үшін негізгі шарттар:
көбіне арзан және құнсыз балық түрлері мекендейтін су айдындары;
бағалы балық түрлерінің өнімділігі төмен және кәсіпшілік аулау құралдарының түрлерін пайдалануға мүмкіндік бермейтін су айдындары;
3) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін негізгі шарттар:
ихтиофаунаны ішінара немесе толық ауыстыру және акваөсіруді дамыту үшін жарамды су айдындары;
балығын толық (жаппай) аулау мүмкіндігі бар су айдындары;
4) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін негізгі шарттар:
желден және ағыстардан қорғалған су айдындарының акваториясы;
тауарлы балық өсіруге және тор қоршамасын орнату орнында отырғызу материалын өсіруге мүмкіндік беретін су айдынының тереңдігі;
жеңіл лайланған су түбіндегі шөгінділердің, әсіресе антропогенді сипаттағы шөгінділердің болмауы.