"Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын және оларды айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 336 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 19 тамызда № 21110 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 7 маусымдағы № 193 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 07.06.2024 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын және оларды айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 336 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15697 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 қыркүйекте эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын", 1-қосымшада:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ащы-тұзды (артемия цисталарын өндіру үшін жарамды) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері жатады:

      ихтиофаунаның болмауы;

      судың минералдануы 30 г/дм3 артық;

      тереңдігі 0,5 метрден кем емес (құрғайтын балық шаруашылығы су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен басқа).";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өлшемшарттар мыналар болып табылады:

      1) кәсіпшілік балық аулау үшін:

      балық ресурстары және басқа да су жануарлары және тұрақты кәсіпшілік аулауды жүргізуге мүмкіндік болған кезде ірі балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері;

      су айдындарына кәсіпшілік жүктеме балық ресурстары мен басқа да су жануарларын табиғи өсімін молайтуға мүмкіндік береді;

      2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін:

      кәсіпшілік балық өсіруді ұйымдастыру, көлде тауарлы балық өсіру және тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізу мүмкін емес су айдындары және (немесе) учаскелері (түбінде тырбиған ағаштары бар, балық қырылу қауіптілігі құбылысына ұшыраған су айдындары, бөгеулер, ағыстар);

      кәсіпшілік балық түрлерінің өнімділігі төмен және олардың өсімін молайту үшін айтарлықтай мәні жоқ су айдындары және (немесе) учаскелері;

      3) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы үшін:

      оқшауланған (бөліп тасталған) су айдындары (су айдындары жүйелері), теңіздердің, өзендер мен су қоймаларының бөлінген шығанақтары, жергілікті маңызы бар басқа да оқшауланған су айдындары, негізінен құндылығы төмен балық түрлері аз құнды түрлерімен мекендейтін және табиғи балық өнімділігі төмен балықтар су айдынын толық (жаппай) аулау мүмкіндігі;

      4) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы үшін:

      жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады