"Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 506 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте № 15723 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10593 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларында:

      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық, облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.";

      5-тармақта:

      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттерінің есебінен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасына, өңірлердің стратегиялық бағыттары мен әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға, аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес келетін ЖБИ іске асырылады.";

      үшінші бөліктің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) жергiлiктi маңызы бар мәдениет, спорт және туризм, абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау, агроөнеркәсіптік кешен, орман, балық шаруашылығы, коммуналдық, су шаруашылығы, көліктік, инженерлік-коммуникациялық, индустриялық-инновациялық инфрақұрылым, жылу-энергетикалық жүйе, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік объектілерін;";

      6-тармақта:

      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық маңызы бар қаланың аудандық (облыстық маңызы бар қаланың), ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органы нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін ағымдағы қаржы жылының 15 наурызынан кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік органға немесе облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық маңызы бар қаланың бюджеттерінен, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға:";

      8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет есебінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органның салалық қорытындысын ұсынады.";

      7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Іске асырылуына қаражат республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері түрінде бөлінетін ЖБИ-ді қаржыландыру көлемі 3 %-дан кем емес мөлшерде айқындалатын Астана қаласының жергілікті бюджетін қоспағанда, ЖБИ-ді жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі барлық салалар бойынша әрбір жаңа жергілікті инвестициялық жоба бойынша жоспарлы кезеңге кемінде 10 % мөлшерінде айқындалады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен нысаналы даму трансферттері түрінде қаражат бөлу кезінде тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландыру талап етілмейді.";

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құжаттармен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға ұсынылатын объектілер бөлісіндегі ЖБИ тізбесін облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен қаржыландырылатын тиісті жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын әкім аппараты ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына жібереді.";

      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға (Қазақстан Республикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына; елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық схемасына; мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға; аумақтарды дамыту бағдарламаларына; мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына) сәйкестігін;";

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттік бағдарламалар жобалары мен бюджеттік өтінімді бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен қаржыландырылатын тиісті жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын әкім аппараты ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына жібереді.";

      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. ЖБИ тізбесін тиісті бюджет комиссиясы мақұлдаған жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынылған ЖБИ тізбелерінің негізінде тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық, облыстық бюджеттердің, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің жобасына қосу үшін әрбір сала бойынша өңірлер бөлінісінде нысаналы даму трансферттерінің жалпы сомасын айқындайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Тиісті жергілікті бюджеттерде іске асыруға қаражат көзделген объектілер бөлісіндегі жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар туралы жиынтық ақпаратты жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаулылары қабылданғаннан кейін екі апта мерзімде ағымдағы қаржы жылы мен жоспарлы кезеңге жылдық сома көрсетіле отырып:

      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға;

      аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 28 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады