Коллекторлық агенттіктердің қызметін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 122 қаулысы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 313 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 қыркүйекте № 15737 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 229 қаулысы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 30 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2018 № 229 қаулысы және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.10.2018 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі БҰЙЫРАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Коллекторлық агенттіктердің қызметін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы бірлескен қаулыны және бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен қаулы және бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде олардың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бірлескен қаулы және бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы бірлескен қаулы және бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде олардың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы бірлескен қаулы және бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
______________ Д. Ақышев
Қазақстан Республикасының Ұлттықэкономика министрі_____________Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитетінің Төрағасы

      _________________ Б. Мусин

      2017 жылғы 14 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
бірлескен
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 122 қаулысымен
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 24 тамыздағы
№ 313 бұйрығымен
бекітілген

Коллекторлық агенттіктердің қызметін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      _______________________________________________________________саласында/аясында

      (Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 143-баптарына сәйкес)

      ________________________________________________________________________ қатысты

            (тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт

      ________________________________________________________________________________

                                          (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы __________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) БСН____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы ___________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Қажет

Қажет емес

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес келмейді

1.

Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен өзара іс-қимылы бастапқы байланыс кезінде:
коллекторлық агенттіктің атауы және коллекторлық агенттіктер тізіліміндегі есептік тіркеу нөмірі;
коллекторлық агенттіктің тұрған жері;
борышкермен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
кредитордың атауы;
кредитордың берешекті коллекторлық агенттікке жұмысқа бергені;
банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделген берешектің құрылымы, негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының қалдығы;
борышкердің банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілігі мен өзге де міндеттемелері, сондай-ақ банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделген міндеттемелерді орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың салдарлары;
коллекторлық агенттік банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішхатын негіздейтін берешектің туындау себептері, кірістер мен басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын жазбаша өтінішпен коллекторлық агенттікке жүгіну құқығы туралы хабарлау.





2.

Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен өзара іс-қимылды борышкер коллекторлық агенттікке жеке жүгінген кезде осы тармақшада көрсетілген уақыт кезеңі шегінде коллекторлық агенттік ұсынғаннан өзгеше өзара іс-қимыл жасасу кезеңін айқындамаса, борышкердің тұрғылықты жерінің не тұрған жерінің не борышкердің тіркелген жерінің уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі кезеңде жүзеге асыру.





3.

Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен өзара іс-қимылды коллекторлық агенттіктің бастамасы бойынша борышкердің тұрғылықты жері немесе тұрған жері немесе тіркелген жері бойынша немесе коллекторлық агенттіктің (филиалдың, өкілдіктің) тұрған жеріндегі үй-жайларында жеке қарым-қатынас кезінде аптасына үш реттен асырмай және жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі кезеңде бір реттен асырмай жүзеге асыру.





4.

Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен өзара іс-қимылды коллекторлық агенттіктің бастамасы бойынша телефонмен сөйлесу арқылы жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі уақыт кезеңінде үш реттен асырмай жүзеге асыру.





5.

Коммерциялық, банктік, қызметтік құпияға, сақтандыру құпиясына, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияға, микрокредит беру құпиясына жататын ақпаратты қоспағанда, борышкердің талап етуі бойынша коллекторлық агенттіктің берешекке қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілетіктерін растайтын ақпарат пен құжаттардың көшірмелерін ұсыну.





6.

Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен өзара іс-қимылды коллекторлық агенттіктің (филиалдың, өкілдіктің) орналасқан жеріндегі үй-жайларында аудио- немесе бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеу.





7.

Кредитордан, борышкерден және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған құжаттар мен ақпараттың, оның ішінде банк құпиясының, микрокредит беру құпиясының, коммерциялық, қызметтік құпияның, сақтандыру құпиясының, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияның, борышкердің және (немесе) оның өкілінің және (немесе) үшінші тұлғалардың дербес деректерінің сақталуын қамтамасыз ету.





8.

Борышкер және (немесе) оның өкілі және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлға болып табылмайтын кез келген жеке тұлғамен өзара іс-қимыл жасасу кезінде мынадай ақпаратты:
коллекторлық агенттіктің атауын және коллекторлық агенттіктер тізіліміндегі есептік тіркеу нөмірін;
коллекторлық агенттік қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымын хабарлау.





9.

Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен өзара іс-қимылды, егер борышкер коллекторлық агенттікке жеке жүгінген кезде көрсетілген уақыт кезеңі шегінде коллекторлық агенттік ұсынғаннан өзгеше өзара іс-қимыл жасасу кезеңін айқындамаса, борышкердің тұрғылықты жерінің не тұрған жерінің не борышкердің тіркелген жерінің уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі кезеңде жүзеге асыру.





10.

Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен өзара іс-қимылды коллекторлық агенттіктің бастамасы бойынша борышкердің тұрғылықты жері немесе тұрған жері немесе тіркелген жері бойынша немесе коллекторлық агенттіктің (филиалдың, өкілдіктің) тұрған жеріндегі үй-жайларында жеке қарым-қатынас кезінде аптасына үш реттен асырмай және жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі кезеңде бір реттен асырмай жүзеге асыру.





11.

Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен өзара іс-қимылды коллекторлық агенттіктің бастамасы бойынша телефонмен сөйлесу арқылы жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі уақыт кезеңінде үш реттен асырмай жүзеге асыру.





12

Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл процесін коллекторлық агенттіктің (филиалдың, өкілдіктің) тұрған жеріндегі үй-жайларында аудио- немесе бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеу.





13.

Кредитордан, борышкерден және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған құжаттар мен ақпараттың, оның ішінде банк құпиясының, микрокредит беру құпиясының, коммерциялық, қызметтік құпияның, сақтандыру құпиясының, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияның, борышкердің және (немесе) оның өкілінің және (немесе) үшінші тұлғалардың дербес деректерінің сақталуын қамтамасыз ету.





14.

Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау кезінде коллекторлық агенттіктің телефон арқылы сөйлесулерді, жеке кездесулерді, жеке тұлғаға - борышкерге тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) бойынша, заңды тұлғаға - борышкерге тұрған жері (нақты мекенжайы) бойынша жіберілетін жазбаша (пошталық) хабарламаларды, ұялы байланыс, Интернет желісі арқылы жіберілетін мәтіндік, дыбыстық және өзге де хабарларды қоспағанда, борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасаудың өзге тәсілін пайдалануына жол бермеу.





15.

Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау кезінде коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуға не осы тұлғалардың мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария етуге жол бермеу.





16.

Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау кезінде коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ осы тұлғаға мүліктік және өзге де зиян келтіруге алып келетін құқыққа қайшы әрекеттер жасауға жол бермеу.





17.

Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау кезінде борышкерге және (немесе) оның өкіліне және (немесе) үшінші тұлғаларға күш қолдану не олардың мүлкін жою немесе бүлдіру қатері, қорлау, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау арқылы борышкерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мәжбүрлейтін қысым көрсетуге жол бермеу.





18.

Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау кезінде коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаны берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыруға жол бермеу.





19.

Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау кезінде берешекті өтеу есебінен ақшаны (қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауға жол бермеу.





20.

Коллекторлық агенттіктің борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау кезінде берешекті ақшадан басқа, өзге мүлікпен өтеуді талап етуге жол бермеу.





21.

Коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларының талаптары бұзылған жағдайда өзі дербес немесе уәкілетті органның талабы бойынша жұмыскердің борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) кредитормен банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру шарты шеңберінде міндеттемелермен байланысты үшінші тұлғамен және жоғарыда аталған тұлғалар болып табылмайтын кез келген жеке тұлғамен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдау және үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ақпарат беру.





22.

Берешегі тұрғын үй түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген борышкер жеке тұлғаға қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыруға жол бермеу.





23.

Борышкерге қатысты коллекторлық қызмет құпиясын борышкердің өзіне, борышкердің жазбаша келiсiмi, оның ішінде банктік қарыз шартын жасасу кезінде банк құпиясын ашуға немесе микрокредит беру туралы шартты жасасу кезінде микрокредит беру құпиясын ашуға берген жазбаша келісімі негiзiнде үшiншi тұлғаға ғана ашу.





24.

Борышкерге қатысты коллекторлық қызмет құпиясын қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға: олардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық iстер бойынша, мөрмен расталған және прокурор санкциялаған жазбаша сұрау салу негiзiнде ашу.






25.

Коллекторлық қызметтің борышкерге қатысты құпиясын соттарға жария ету: олардың іс жүргізуінде жатқан iстер бойынша, сот ұйғарымы, қаулысы, шешімі және үкімі негізінде.





26.

Коллекторлық қызметтің борышкерге қатысты құпиясын әділет органдарына және жеке сот орындаушыларына жария ету: олардың іс жүргізуінде жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша, сот орындаушысының сот санкциялаған, әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған қаулысы негізінде.





27.

Коллекторлық қызметтің борышкерге қатысты құпиясын прокурорға жария ету: оның қарауында жатқан материал бойынша, өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде.





28.

Коллекторлық қызметтің борышкерге қатысты құпиясын мемлекеттік кіріс органдарына жария ету: тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша, нұсқама негізінде.





29.

Коллекторлық қызметтің борышкерге қатысты құпиясын борышкердің өкілдеріне жария ету: нотариат куәландырған сенімхат негізінде.





30.

Коллекторлық қызметтің борышкерге қатысты құпиясын оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға жария ету: өзі жөнінде соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаға қатысты, банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейін бес жыл ішіндегі кезең үшін, прокурордың санкциясымен.





31.

Коллекторлық қызметтің борышкерге қатысты құпиясын уәкілетті органға жария ету: коллекторлық агенттіктердің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша.





32.

Борышкерге қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған борышкер, кредитор туралы, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалар, берешек, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талаптары туралы мәліметтерді мен өзге де мәліметтерді борышкер өсиетте көрсеткен тұлғаларға жазбаша сұрату негізінде беру.






33.

Борышкер, кредитор, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалар, берешек, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талаптары туралы мәліметтерді және борышкерге қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған мәліметтерді нотариустарға: олардың іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша, нотариустың мөрімен расталған оның жазбаша сұрау салуы (нотариустың жазбаша сұрау салуына қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі қоса берілуге тиіс) негізінде беру.





34.

Борышкер, кредитор, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалар, берешек, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талаптары туралы мәліметтерді және борышкерге қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған мәліметтерді шетелдік консулдық мекемелерге: жазбаша сұрау салудың негізінде олардың іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша беру.





35.

Кредитор банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талап етулерді) басқаға берген кезде борышкерден мұндай шартта көзделмеген өзге комиссиялар мен төлемдердің алынуына жол бермеу.





36.

Уәкілетті органға оның сұрау салуы негізінде, оның ішінде борышкерлер мен кредиторлардың келіп түскен шағымдары бойынша мәліметтер, құжаттар мен аудио- және (немесе) бейнежазба (бар болса) материалдарын беру.





37.

Ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың онынан кешіктірмей, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өз бетінше немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтер ұсыну





38.

Коллекторлық агенттіктің борышкер-жеке тұлғаның баспана түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген берешекке қатысты талап ету құқығын басқа біреуге беру шартын жасауына жол бермеу.





      Лауазымды адам (адамдар) ___________________ _____________

                              (лауазымы)            (қолы)

                              _________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Тексерілетін

      субъектінің басшысы ______________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      __________

      (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады