"Үздік спорт журналисі" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 291 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 қыркүйекте № 15743 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Үздік спорт журналисі" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 291 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9678 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 3 кыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Үздік спорт журналисі" атағын беру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Атақ берудің тәртібі";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Конкурс жыл сайын желтоқсан айының екінші жартысында үш номинация бойынша өткізіледі:

      1) "Үздік спортттық телевизиялық репортаж";

      2) "Үздік спорттық жарияланым";

      3) "Үздік спорттық фоторепортаж".";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Конкурсқа қатысу үшін конкурсқа қатысушы уәкілетті органға мына құжаттарды:

      1) бір номинация бойынша конкурсқа қатысу үшін еркін нысандағы өтінішті (өтініш тек бір номинация бойынша конкурсқа қатысу үшін ұсынылады);

      2) конкурсқа қатысушының шығармашылық қызметінің қысқаша сипаттамасын;

      3) спортшыға немесе спорттық оқиғаға арналған, эфирге шыққан және/немесе баспа немесе электронды БАҚ-та ағымдағы жыл ішінде жарық көрген жұмысты (бейнематериал, аудиоматериал, жарияланым (қағаз не электрондық данасы), фотожұмыс (фоторепортаж) ұсынады. Жұмыс қағаз немесе электрондық тасығышта ұсынылады.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті орган комиссия төрағасын, төраға орынбасарын қоса алғанда кемінде он бір адам есебінде мүшелердің тақ санынан тұратын конкурстық комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.

      8. Комиссия мынадай критерийлер бойынша ұсынылған құжаттарды қарайды және жеңімпазды айқындайды:

      1) "Үздік спорттық телевизиялық репортаж" номинациясы бойынша – журналистің сауатты ауызша сөйлеуі, сюжеттің драматургиясы, сапалы бейнеқатар, стендап орындылығы, кадрдан тыс мәтін;

      2) "Үздік спорттық жарияланым" номинациясы бойынша – материалдың өзектілігі, тілдің өткірлігі, автордың көзқарасы, сюжеттің драматургиясы;

      3) "Үздік спорттық фоторепортаж" номинациясы бойынша - өнертапқыштық пен креативтілік, стандартты емес көркем шешім, көрініс сапасы.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "10. Әр номинация бойынша конкурсқа қатысушылардың арасында жеңімпазды айқындау және "Үздік спорт журналисі" атағын беру туралы Комиссияның шешімі қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көп дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қорытынды ережелер";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау үшін қажетті қаражатты төлеу республикалық бюджет есебінен Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлдені төлеуге бөлінген 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Конкурстың нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады және конкурс өткізілгеннен күнінен кейін 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та жарияланады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      _______________ Д. Абаев

      2017 жылғы 8 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады