Табыстар әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 қазанда № 15859 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Табыстар әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу әдістемеcі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2017 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 131 бұйрығымен бекітілді

Табыстар әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Табыстар әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті халықаралық стандарттарға сәйкес табыстар әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу үшін қолданады және Ұлттық шоттар жүйесінің (бұдан әрі – ҰШЖ) мақсаттарында пайдаланады.

      3. Әдіснамалық негіз ретінде Халықаралық Валюта Қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қоғамдастықтардың Статистикалық бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік Банк дайындаған 2008 жылғы ҰШЖ пайдаланылды.

      4. Осы әдістемеде келесі анықтамалар пайдаланылады:

      1) жалпы қосылған құн (бұдан әрі – ЖҚҚ) – өндірістік қызметтің соңғы нәтижесін сипаттайды және берілген өндірістік процестегі өңдеумен қосылған құндылықты білдіреді. Салалар деңгейінде тауарлар және көрсетілген қызметтер шығарылымы және аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде есептеп шығарылады, өндіріс процесінде тұтынылатын негізгі капиталдың құнын қамтиды;

      2) жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің соңғы нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі;

      3) институционалдық бірлік – өз атынан активтерді иеленуге, міндеттемелерді қабылдауға, экономикалық қызметке қатысуға және басқа бірліктермен операцияларға кіруге әрекет ете алатын экономикалық бірлік;

      4) бейрезидент – резидент болып табылмайтын институционалдық бірлік;

      5) резидент – берілген елдің экономикалық аумағында орналасқан, яғни ол осы аумақта экономикалық қызметпен біршама ұзақ кезеңде (1 жыл немесе одан да көп) айналысатын экономикалық мүдделердің басым орталығы берілген институционалдық бірлік;

      6) үй шаруашылықтарының корпоративтік емес кәсіпорындары – үй шаруашылықтарының тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сату мақсатында өндірумен айналысатын, бірақ заңды тұлға болып табылмайтын бірліктері.

2-тарау. Ұлттық шоттар жүйесіндегі табыстар әдісімен жалпы ішкі өнім

      5. Табыстар әдісімен алынатын ЖІӨ оның құрылымын бастапқы табыстар: жалдамалы жұмыскерлердің еңбекақысы, өндіріс және импортқа салынатын таза салықтар, пайда және аралас табыс негізінде анықтайды.

      6. Табыстар әдісімен ЖІӨ ҰШЖ табыстарды құру шоты негізінде құрылады. Берілген шот тауарлар және көрсетілетін қызметтер өндірісіне қатысатын институционалдық бірліктер-резиденттердің алғашқы табыстар төлемін көрсетеді. Табыстарды құру шотының мысалы осы әдістеменің 1-қосымшасында келтірілген.

      7. Ресурстық шот бөлігінде ЖҚҚ-ның мөлшері жазылады. ЖҚҚ-ның мөлшері өндіріс шотынан аударылады. Пайдалануда қосылған құннан өндірушілердің келесі шығыстары көрсетіледі:

      еңбекақы;

      өндіріске және импортқа салынатын таза салықтар (субсидияларды шегергендегі салықтар).

      8. Табыстарды құру шотының теңгерімдеуші бабы пайдалану жағында көрсетілетін жалпы пайда және жалпы аралас табыс болып табылады.

3-тарау. Табыстар әдісімен жалпы ішкі өнімді есептеу

      9. Табыстар әдісімен ЖІӨ есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:

      GDP = COE + NT + GOS + GMI,                        (1)

      мұндағы:

      GDP – ЖІӨ;

      COE – еңбекақы;

      NT – өндіріске және импортқа салынатын таза салықтар;

      GOS – жалпы пайда;

      GMI – жалпы аралас табыс.

      10. Жалданбалы қызметкерлердiң еңбекақысы екi негiзгi компоненттерден тұрады:

      жалақы;

      жұмыс берушiлердiң әлеуметтiк сақтандыруға аударымдарының сомасы.

      11. Жалдамалы қызметкерлердің жалақысына қосылмайды және аралық тұтыну ретінде қаралады:

      тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын қызметкерлердің мүдделеріне емес, жұмыс берушілердің мүдделеріне қатысты жүзеге асырылатын шығыстар;

      бір реттік жұмысты атқарғаны үшін кәсіпорын штатында (басқа да кәсіпорындардың қызметкерлері немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар) тұрмаған адамдарға еңбекақы төлеу;

      мәдени-ағарту және сауықтыру іс-шараларын өткізуге шығыстар.

      12. Еңбек ақы төлеуді қалыптастыру үшін ақпараттың дереккөздері еңбек бойынша, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы, шағын кәсіпорын қызметі туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың және жұмыспен қамтылған халықтың іріктемелі зерттеу деректері болып табылады.

      13. Өндіріске және импортқа салынатын таза салықтар келесі формула бойынша анықталады:

      NT = T – S,                                    (2)

      мұндағы:

      NT – өндіріске және импортқа салынатын таза салықтар;

      T – өндіріске және импортқа салынатын салықтар;

      S – өндіріске және импортқа арналған субсидиялар.

      14. Өндіріске және импортқа салынатын таза салықтарды қалыптастыру үшін ақпараттың дереккөздері әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректері болып табылады.

      15. Өндіріске және импортқа салынатын салықтар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес Өнімдерге салынатын салықтардың тізбесінде келтірілген өнімдерге салынатын салықтардан және осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес өндіріске салынатын басқа да салықтардың тізбесінде келтірілген өндіріске салынатын басқа да салықтардан тұрады.

      16. Өндіріске және импортқа арналған субсидиялар өнімдерге арналған субсидияларды және өндіріске арналған басқа да субсидияларды қамтиды.

      17. Өнімдерге арналған субсидиялар өндірілген тауардың немесе көрсетілген қызметтің бірлігіне төленеді: резиденттер өндіретін, сататын немесе импорттайтын тауар мен көрсетілетін қызметінің саны немесе құнына бара-бар.

      Өнімдерге арналған субсидияларға:

      өндірілетін өнімдерге сату бағасы өндірістің орташа шығындарынан төмен орнатылу нәтижесінде пайда болатын тұрақты залалдарды кәсіпорындарға мемлекеттік бюджеттен тұрақты өтеулер;

      өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді нарықтық бағадан төмен өткізу нәтижесінде (мысалы, мемлекеттік реттелетін бөлшек бағалар бойынша), пайда болатын залалдарды кәсіпорындарға бюджеттен тұрақты өтеуге арналған субсидиялар;

      тауарлармен Қазақстан Республикасының аумағынан кесіп өту кезінде немесе бейрезиденттердің резиденттерге қызмет көрсетуі кезінде төленуге тиісті импортқа арналған субсидиялар;

      тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан өткенде немесе қызметтер бейрезиденттерге көрсетілген кезде, мемлекеттік басқару органдарының төлеуге тиіс экспортқа арналған субсидиялары кіреді.

      18. Өндіріске арналған басқа да субсидиялар өндіріс факторларын пайдаланғаны үшін кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органдарынан алған субсидиялардан тұрады.

      Өндіріске арналған басқа да субсидиялар келесі негізгі субсидиялар түрлерінен тұрады:

      айрықша адамдар контингетінің еңбегін пайдалануға байланысты төленетін субсидиялар;

      өндірістің басқа да факторларын пайдалануға байланысты берілетін субсидиялар;

      қоршаған ортаның ластануын төмендету үшін субсидиялар.

      19. Табыстарды құру шотының теңгерімдеуші бабы меншіктен түскен табыстарды есептегенге дейінгі өндірістен алынған жалпы пайданы және төленбейтін еңбек шығындарын өндіретін үй шаруашылықтарының корпоративтік емес кәсіпорындарға және қожа немесе кәсіпкердің табысынан бөліне алмайтын жұмысқа берілетін сыйақы элементінен тұратын жалпы аралас табысты өлшейді.

      20. Жалпы пайда және жалпы аралас табыс келесі формула бойынша есептеледі:

      GOS + GMI = GVA – COE – (Tp – Sp),                  (3)

      мұндағы:

      GOS – жалпы пайда;

      GMI – жалпы аралас табыс;

      GVA – ЖҚҚ;

      COE – еңбекақы;

      Tp – өндіріске салынатын басқа да салықтар;

      Sp – өндіріске арналған басқа да субсидиялар.

      21. Қорытынды кезеңде алынған нәтижелер мен өндіріс әдісімен есептелген ЖІӨ-ні келісу жүргізіледі.

  Табыстар әдісімен жалпы ішкі
өнімді есептеу әдістемесіне
1-қосымша

Табыстарды құру шотының мысалы

      млн. теңге

Операциялар және теңгерімдеуші бабтар

Барлығы

Ресурстар


Жалпы қосылған құн


Пайдалану


Еңбекке ақы төлеу


Өндіріске және импортқа салынатын таза салықтар


Жалпы пайда


Жалпы аралас табыс


  Табыстар әдісімен жалпы ішкі
өнімді есептеу әдістемесіне
2-қосымша

Өнімдерге салынатын салықтардың тізбесі

      1. Қосылған құн салығы;

      2. Акциздер;

      3. Үстiңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшiн төлемақы;

      4. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда экспортқа рента салығы;

      5. Мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа рента салығы;

      6. Аукционнан алынатын алым;

      7. Автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым;

      8. Сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;

      9. Ойын бизнесі салығы;

      10. Кедендік төлемдері;

      11. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждар;

      12. Арнайы қорғаныштық, демпингке қарсы және үлестірімге жатпайтын өтемақылық баждар.

  Табыстар әдісімен жалпы ішкі
өнімді есептеу әдістемесіне
3-қосымша

Өндіріске салынатын басқа да салықтардың тізбесі

      1. Әлеуметтік салық;

      2. Заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;

      3. Жер салығы;

      4. Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық;

      5. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы;

      6. Тіркелген салық;

      7. Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алу кезіндегі ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісі шығасыларының орнын өтеуден түскен түсімдер;

      8. Республикалық меншікте орналасқан жер учаскілері бойынша сервитут үшін төлемақы;

      9. Коммуналдық меншікте орналасқан жер учаскілері бойынша сервитут үшін төлемақы;

      10. Белгіленген мөлшердегі бірліктерді беруден және парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің ұлттық жоспарының квота көлемі резервін басқарудан түскен түсімдер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады