"Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы өзінің банктік шотына келіп түскен ақшаны төлемақы түрінде жіберу бойынша өзге де қызметін анықтау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 қазанда № 15934 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 340 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 28.08.2018 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 285-2-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Электр қозғалтқыштары бар автомобильдерге арналған электрлік зарядтау станцияларының желісін құру және оларға қызмет көрсету бойынша пилоттық жобаны қаржыландыру жөніндегі қызмет өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы өзінің банктік шотына келіп түскен ақшаны төлемақы түрінде жіберетін өзге де қызмет ретінде анықталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      __________________ Ж. Қасымбек

      2017 жылғы 20 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады