Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 9 қыркүйектегі № 77, Қазақстан Ремпубликасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 577, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 535, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 11-45, Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 29, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 186, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 634 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 қазанда № 15946 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 111 қе, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 768, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 771, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-58, Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 35, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 262 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 30 желтоқсандағы № 888 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.11.2017 № 111 қе, ҚР Қаржы министрінің 29.12.2017 № 768, ҚР Қорғаныс министрінің 27.12.2017 № 771, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 15.12.2017 № 11-58, ҚР "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының 05.12.2017 № 35, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 25.12.2017 № 262 және ҚР Ішкі істер министрінің 30.12.2017 № 888 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 16-1-бабына және "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Заңының 8-бабы 4-1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың көлік құралдарын пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетiнің 6-қызметі:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаздағы және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу және ресми түрде жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті интернет-ресурсына осы бірлескен бұйрықты оны ресми түрде жариялағаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың 2-тармағының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 6-қызметінің қызметіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы "___" __________


Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
_________________ С. Жасұзақов
2017 жылғы "___" ___________

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
_______________ А. Күреңбеков
2017 жылғы "___" __________


Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің Директоры
________________ Ғ. Байжанов
2017 жылғы "___" ____________

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы
_____________ Қ. Қожамжаров
2017 жылғы 21 тамыз


Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
__________________ К. Мәсімов
2017 жылғы "___" ____________

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_________________ Қ. Қасымов
2017 жылғы "___" ____________



  № __ дана
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 577
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 535
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі
бастығының
2017 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 11-45
Қазақстан Республикасы
"Сырбар" Сыртқы барлау
қызметі директорының
2017 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 29
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2017 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 186
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2017 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 77
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 634
бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың көлік құралдарын пайдалану қағидалары

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың (бұдан әрі – ЖІҚ субъектілері) көлік құралдарын пайдалану қағидалары "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабына, сондай-ақ "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ЖІҚ субъектілерінің көлік құралдарын пайдалану ерекшелігін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) автопарк – сақтауға, тұраққа қоюға, техникалық қызмет көрсетуге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және көлік құралын дайындыққа келтіруге жабдықталған ЖІҚ субъектісінің аумағы;

      2) моторесурс – техникалық себептер бойынша одан әрі пайдалануға жарамайтын жай-күйіге дейінгі көлік құралының, қозғалтқыштың атқарған жұмыс көлемі;

      3) пайдалану ерекшеліктері – көлік құралдарын тіркеген сәттен бастап кәдеге жарату сәтіне дейін ЖІҚ субъектілері қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, жедел-іздестіру іс-шараларында оларды пайдаланудан тұратын жұмыс істеу сатысы;

      4) пайдалану нормасы – көлік құралының жылдық жүріс лимиті;

      5) тиістілік табелі – көлік құралының түрі мен санын белгілеу үшін әзірленетін құжат (еркін формада).

2 - тарау. Автокөлік құралдарын пайдалану

      3. ЖІҚ субъектісінің көлік құралын ұстау құқығы автокөліктің түрлері мен санын белгілейтін тиістілік табелімен белгіленеді.

      4. Көлік құралының тиістілік табелін ЖІҚ субъектісінің басшысы немесе оның қаржы-шаруашылық қызметті жетекшілік ететін орынбасары бекітеді.

      5. ЖІҚ субъектілерінің балансындағы көлік құралдары рәсімдеуге қажетті қаражат бөлінген күннен бастап 10 тәулік ішінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде мемлекеттік тіркелуге жатады.

      6. Бақылау мен сақтауды қамтамасыз ету үшін көлік құралы автопаркке орналастырылады. Автопарк аумағы қоршалады, техникалық күзет құралдарымен қамтамасыз етіледі, көгалдандырылады және жарықтандырылады.

      7. Автопарк аумағынан көлік құралдарының шығуы ЖІҚ субъектісінің:

      1) бөлімшелер бастықтарына және олардың орынбасарларына бекітілген: жұмыс күндері 7.00-ден 22.00-ге дейін, сенбі күні 7.00-ден 15.00-ге дейін;

      2) бөлімшелерге бекітілген 7.30-дан 20.00-ге дейін рұқсат етіледі.

      8. Көлік құралдарын жұмыс уақытынан тыс, демалыс және мереке күндері пайдалану бөлімшелердің өтініміне (еркін формада) сәйкес:

      1) орталық аппаратта (бұдан әрі – ОА) – қаржы-шаруашылық қызметіне жетекшілік ететін ЖІҚ субъектісі басшысының орынбасары;

      2) аумақтық органдарда, ведомстволар мен өзге де бөлімшелерде - бірінші басшысы рұқсат береді.

      9. Бағытқа шығар алдында жүргізуші медициналық тексеріп қараудан өтеді.

      10. Жүргізушінің медициналық тексеріп қараудан өтуден бас тартуы оны жұмыстан шеттетуге негіздеме болып табылады.

      11. Бөлімшелердің өтініміне сәйкес көлік құралын автопарк немесе ЖІҚ субъектілерінің аумағынан тыс жерге тұраққа қоюға:

      1) ОА – қаржы-шаруашылық қызметіне жетекшілік ететін ЖІҚ субъектісі басшысының орынбасары;

      2) аумақтық органдарда, ведомстволар мен өзге де бөлімшелерде - бірінші басшысы рұқсат береді.

      12. ЖІҚ субъектісінің аумағынан тыс жерлерде көлік құралын тұраққа қою күзетілетін автокөлік тұрағында немесе паркингте рұқсат етіледі.

      13. Көлік құралын жүргізуге тек қана жол парақта аты көрсетілген жүргізушінің құқығы бар.

      14. Жүргізушіге жол парақсыз бағытқа шығуға және жол парақта көрсетілмеген адамдарға көлік құралын басқаруды беруге тыйым салынады.

      15. ЖІҚ субъектілерінің белгіленген жол парақ нысанын уақытылы және дәл толтыруды жүргізуші қамтамасыз етеді.

      16. ЖІҚ субъектілері автокөлікті пайдалану кезінде "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын және "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" (бұдан әрі – Жол жүрісі қағидалары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысын басшылыққа алады.

      17. Автокөлік құралдарына техникалық пайдалануды жоспарлау кезінде:

      1) техникалық жай-күйі;

      2) жылдық пайдалану нормасы;

      3) жалпы моторесурсы ескеріледі.

      18. Көлік құралының техникалық жай-күйі агрегаттарын, түйінді тораптары мен бөлшектерін диагностикалау арқылы анықталады.

      19. Көлік құралының жинақтаушыға (қосалқы бөлшектер) қажеттілігі зауыт-өндірушінің автокөлікті пайдалану жөніндегі басшылығына сәйкес анықталады.

      20. Көлік құралдарын пайдаланудың жылдық нормасын қаржы-шаруашылық қызметіне жетекшілік ететін ЖІҚ субъектісі басшысының орынбасары жыл сайын 5 қаңтарға дейін бекітеді.

      21. Бөлімшелердің өтініміне сәйкес ЖІҚ субъектілерінде жанар-жағармай материалдарын лимиттан тыс бөлуге:

      1) ОА – қаржы-шаруашылық қызметіне жетекшілік ететін ЖІҚ субъектісі басшысының орынбасары;

      2) аумақтық органдарда, ведомстволар мен өзге де бөлімшелерде – бірінші басшы рұқсат береді.

      22. ЖІҚ субъектілерінің Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын пайдалануы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5-шілдедегі № 364 Жарлығының талаптарына, сондай-ақ ведомствалық нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады