БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 577, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 535, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 11-45, Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 29, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 186, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 9 қыркүйектегі № 77, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 634 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15946 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланған).
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетiнің 6-қызметі:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаздағы және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу және ресми түрде жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті интернет-ресурсына осы бірлескен бұйрықты оны ресми түрде жариялағаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың 2-тармағының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 6-қызметінің іс-қимылына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
| |||
|
| |||
|
| |||
|