БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10403 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларында:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) технологиялық бронь – үздіксіз технологиялық процесті аяқтау және адамдардың өмірі мен қоршаған ортаға қауіпті болғызбау үшін қажетті электр энергиясының ең аз шығысы (ең аз тұтыну қуаты) және уақыт ұзақтығы;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, өзгертуге, беруге, тұтынуға және (немесе) оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналар, аппараттар, желілер мен қосалқы жабдықтар (олар орнатылған құрылыстар мен орынжайларды бірге алғанда) жиынтығы;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тұтынушылармен электр энергиясымен жабдықтау шарты мына құжаттар негізінде жазбаша түрде жасалады:
1) тұтынушыны (көппәтерлі құрылыстарда тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда) электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмелері;
2) электр энергиясының коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесі;
3) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), мемлекеттік электронды тіркелімнен үзінді көшірмелер, рұқсаттар мен хабарламалар (жеке кәсіпкерлер үшін);
4) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама немесе электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
5) ұйымның бірінші басшысын (заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін) қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса ұсынып, электрмен жабдықтау шартына қол қоюға уәкілеттік берілетін адамға бұйрықтың (сенімхат) көшірмесі;
6) көппәтерлі құрылыстарда тұратын тұрмыстық тұтынушыларды қоспағанда техникалық шарттардың (бар болған жағдайда) көшірмесі;
7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
8) дербес деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісім;
9) тұрғын үй-жайға (үйге, пәтерге) – тіркелген адамдар санын растайтын құжаттар.
Объектілердің иесі ауысқан жағдайда, техникалық шарттарды беру талап етілмейді.
Осы тармақтың 1), 3-9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға ұсынады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттты энергиямен жабдықтаушы ұйымға энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым ұсынады.".
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10851 болып тіркелген) Электр қондырғыларын орнату қағидаларында белгіленген тәртіпте тұтынушының электрмен жабдықтау схемасы 1 және 2-ші санатты сенімділік талабына сәйкес келген жағдайда, энергиямен жабдықтаудың авариялық бронь актісі тұтынушымен, энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйыммен бірлесіп жасалады.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Электр қондырғылары пайдалануға енгізілгенге дейін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қатысуымен қабылдау-тапсыру сынағынан өтеді және тұтынушы оны құрылыс-монтаждау ұйымынан еркін нысандағы акт бойынша қабылдайды.
Тұтынушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым электр қондырғыларын үнемі пайдалану үшін өзінің электр желілеріне қосады".
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. Қабылдау-тапсыру сынақтары кезінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым сыртқы қосылуды және электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қарап-тексеруді жүзеге асырады және қабылдау-тапсыру сынағы жүргізілген күннен 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей тұтынушыға тұтынушыны (көппәтерлі құрылыстарда тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда) электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісін береді.
Сыртқы қосылудың және электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесінің кемшіліктері анықталған жағдайда, электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі тұтынушыға анықталған кемшіліктерді жойған күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.
Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым және тұтынушы электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің әрбір тарап үшін бір данадан 2 (екі) данасына қол қояды.".
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға беру кезінде кернеу беруі мынадай тәртіпте және мерзімде жүргізіледі:
1) энергиямен жабдықтаушы ұйым осы Қағидалардың 4-1- тармағында көрсетілген құжаттарды және тұтынушы қол қойған электрмен жабдықтау туралы шарт жобасын қабылдаған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға тиісті хабарлама жібереді;
2) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым энергиямен жабдықтаушы ұйымнан хабарламаны алған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей:
электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалауды жүргізеді;
электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісін ресімдейді;
электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесін энергиямен жабдықтаушы ұйымға жібереді;
тұтынушының электр қондырғысына кернеу беруді жүзеге асырады.
Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым және тұтынушы электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің әрбір тарап үшін бір данадан 2 (екі) данасына қол қояды.
3) энергиямен жабдықтаушы ұйым энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымнан электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесін алған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей тұтынушыға электрмен жабдықтауға қол қойылған шартты пошта арқылы немесе өзге тәсілмен жібереді.";
мынадай мазмұндағы 23-1 тармақпен толықтырылсын:
"23-1. Тұтынушыға электр энергиясын қосу және босату электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісі болған кезде ғана жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | "КЕЛІСІЛДІ" |
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |