Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.11.2020 № ҚР ДСМ-194/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 45-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 34-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының екінші абзацына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі – ТМККК) дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі (бұдан әрі – МӘМС) медициналық көмекпен қамтамасыз етуді";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету тәртібі";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. МСАК деңгейінде медициналық көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлері көрсетіледі: профилактикалық, диагностикалық, емдік, уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамаcы";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. МСАК "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 34-бабының 1-тармағына сәйкес ТМККК тізбесінің және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек тізбесінің шеңберінде көрсетіледі.";
Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларында:
тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Кодекстің 45-бабының 4-1-тармағына сәйкес әзірленді және меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмекті алу үшін азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарына бекіту тәртібін айқындайды.";
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Азаматтарды МСАК ұйымдарына бекіту ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде азаматтарға медициналық көмек көрсету бойынша МСАК ұйымдарының міндеттемелерін тіркеу болып табылады және мынадай қағидаттарда жүзеге асырылады:
1) медициналық көмекке аумақтық қолжетімділік;
2) МСАК ұйымдарын еркін таңдау;
3) МСАК мамандарын еркін таңдау (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр);
4) отбасылық қызмет көрсету;
5) пациенттің медициналық көмек сапасына қанағаттанушылығы;
6) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан МСАК ұйымдарының тең құқығы және адал бәсекелестігі.";
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) қалыптастырған денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасына енгізілген, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсетуге үміткер Қазақстан Реcпубликасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде Денсаулық сақтау субъектілеріндегі қызметті сатып алу қағидаларына сәйкес азаматтарды МСАК ұйымдарына бекіту жүзеге асырылады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына азаматтарды бекіту тәртібі";
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Науқан кезеңінде МСАК ұйымына бекітілген азаматтар Қормен алдағы жылға ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде МСАК көрсетуге қызметті сатып алу бойынша шарт жасасу кезінде алдағы жылғы 1 қаңтардан бастап ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде осы ұйымнан медициналық көмекті ала бастайды.
Ағымдағы жылы көрсетілген азаматтар бұрын бекітілген МСАК ұйымдарында медициналық көмекті алуды жалғастырады.
15. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде МСАК көрсететін жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға бекіту осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 16, 17-тармақтармен толықтырылсын:
"16. МСАК дәрігерінің 1 (бір) лауазымына бекітілген халықтың саны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне сәйкес анықталады.
17. Осы Қағидалар оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек алуға құқығы бар азаматтарға қолданылады".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға оның көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
Е. Біртанов |