Байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 410 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда № 16064 болып тіркелді.

      "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (А.Ғ. Қожықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Д. Абаев

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2017 жылғы 22 қарашадағы
№ 410 бұйрығымен
бекітілген

Байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштері

      Ескерту. Көрсеткіштер жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.05.2023 № 182/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ұялы байланыс қызметтерінің сапа көрсеткішінің атауы

Көрсеткіштің мәні

Дауыс байланысы қызметтерінің сапа көрсеткіштері

1

Ұялы байланыс желісінің абонентімен қосылуды орнату кезінде шақырулардың жалпы санынан сәтсіз шақырулардың үлесі

3%

2

Тіркелген телефон байланысы желісінің абонентімен қосылуды орнату кезінде шақырулардың жалпы санынан сәтсіз шақырулардың үлесі

2.5%

3

Абоненттің бастамасынсыз орнатылған қосылулардың ажырауымен аяқталған шақырулардың үлесі

3%

4

Сөздерді беру сапасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын шақырулардың үлесі (MOS POLQA < 2,8)

8%

5

Ұялы байланыс желісінде сол өңірдегі ұялы байланыс желісімен телефон қосылуын орнатуды аяқтаудың орташа уақыты

8 сек

Жылжымалы байланыс желілері арқылы Интернетке қол жеткізу қызметтерінің сапа көрсеткіштері

1

HTTP серверінен деректерді жүктеудің сәтті сессияларының үлесі

95%і

2

"Төмен" бағыты бойынша FTР серверінен деректерді жүктеудің сәтті сессияларының үлесі

95%1

3

HTTP WEB-парақшасын жүктеу сессияларының сәтті әрекеттерінің үлесі

95%іі

4

FTP серверінен деректерді жүктеудің орташа жылдамдығы көрсеткіш мәндерінің үлесі "төмен" желісі бойынша 2 Мбит/с кем (лицензиялық міндеттемелерге сәйкес Д0, Д1, Д2, Д3 классы үшін)ііі

10%

5

FTP серверінен деректерді жүктеудің орташа жылдамдығы көрсеткіш мәндерінің үлесі 3G технологиясындағы "төмен" желісі бойынша 1 Мбит/с кем (С1С, О1С классы үшін)

10%

6

FTP серверінен деректерді жүктеудің орташа жылдамдығы көрсеткіш мәндерінің үлесі 4G технологиясындағы "төмен" желісі бойынша 5 Мбит/с кем (С1С, О1С классы үшін)

10%

Байланысты қамтудың сапа көрсеткіштері

Көрсеткіш

Елді мекеннің тип

1

2

3

4

1

RSSІ (Receіved Sіgnal Strength Іndіcator) - 2G технологиясындағы сигнал деңгейінің көрсеткіші, dBm.

Бастапқы мәніv

≤-75

≤-85

≤-95

≤-95

Рұқсат етілген пайыз, %

5

10

10

10

2

CPІCH RSCP – 3G технологиясындағы сканерлеуші қабылдағышының кіруінде қабылданатын пайдалы сигналдың деңгейі, dBm.

Бастапқы мәні

≤ -80

≤-90

≤-105

≤-105

Рұқсат етілген пайыз, %

10

10

10

10

3

Ec/Іo – 3G технологиясындағы шуға пайдалы сигналдың қатысы, dB

Бастапқы мәні

<15

<15

<15

<15

Рұқсат етілген пайыз, %

10

10

15

15

4

RSRP-4G технологиясының сканерлеуші қабылдағышының кіруіндедегі қабылданған тірек сигналдар күшінің орташа мәні, dBm

Бастапқы мәні

≤ -100

≤ -105

Нормаланбайды

Нормаланбайды

Рұқсат етілген пайыз, %

5

10

15

Нормаланбайды

Тіркелген байланыс желілері арқылы интернетке қол жеткізу қызметтерінің сапа көрсеткіштері

Қосылу түрі

Байланыс арнасының өткізу қабілеті, Мбит/с

ІP-пакеттердің кідіру уақыты, артық емес

ІP-пакеттердің кідіру вариациясы, артық емес

ІP пакеттерін жоғалту, артық емес

ТОБЖ бойынша ұйымдастырылған байланыс арналары бойынша деректерді өлшеу объектісі мен оператордың деректерді беру желісінде орналасқан тест сервері/бақылаудың аппараттық құралы арасында беру кезінде

тарифтік жоспарда, шартта белгіленген мәннен кемінде 80%

20 мс

10 мс

0,20%

Оператордың деректерді беру желісінде орналасқан деректерді ТОБЖ+өрілген жұп, РРЖ+өрілген жұп өлшеу объектісі мен тест сервері/бақылаудың аппараттық құралы арасындағы байланыстың құрамдас арналары бойынша беру кезінде

150 мс

50 мс

0,30%

Оператордың деректерді беру желісінде орналасқан өлшеу объектісі мен тест сервері/бақылаудың аппараттық құралы арасындағы бір жерсеріктік учаскемен байланыстың құрамдас арналары бойынша деректерді беру кезінде

800 мс

100 мс

0,50%





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады