"Дәнді дақылдар түсімділігін зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 8 шілдедегі № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 27 қарашадағы № 187 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 желтоқсанда № 16069 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дәнді дақылдар түсімділігін зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 8 шілдедегі № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11830 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Респонденттерден дәнді дақылдар түсімділігін жинау туралы алынатын деректердің сапасын бақылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органдары ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа немесе фермер қожалықтарында және дара кәсіпкерлерде дәнді дақылдардың түсімділігін зерттеу (бұдан әрі – түсімділікті зерттеу) бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқау жүргізеді.";

      5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ауыл шаруашылығы өндірушісі – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндiрумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық дақылдарының әртүрлі түрлерін өсірумен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы кәсіпорындары), шаруа немесе фермер қожалықтары, дара кәсіпкерлер және жұртшылық шаруашылықтары (өнімдерді үй-іргесіндегі телімдерде және саяжай телімдерінде өндіретіндер) айналысады.

      Бұл ретте астық дақылдары, атап айтқанда бидай және күрішті, негізінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа немесе фермер қожалықтары және дара кәсіпкерлер өсіреді, осыған байланысты дәнді дақылдардың түсімділігін зерттеу нысандары ретінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты осы санаттары белгіленген.

      7. Түсімділікке зерттеу жүргізу үшін алдын ала әкімшілік дереккөздердің деректері негізінде есепті жылы бидай және күріш сепкен ауыл шаруашылығы өндірушілерін қамтитын бас жиынтық құрастырылады. Содан кейін бас жиынтық негізінде іріктемелі жиынтық қалыптастырылады, оған барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және 30% шаруа немесе фермер қожалықтары және дара кәсіпкерлер таңдалады.";

      11-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "салмағына және ылғалдылығына зертханалық зерттеу жүргізу бланкілері.";

      12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 

      "Ауыл шаруашылығы өндірушісінің егіс алқабына астық жеткілікті пісіп, бірақ жинау науқаны басталмаған кезде сынама алуға тікелей жинау науқаны басталғанға дейін келуі үшін сауалнамаға түсімділік бойынша сынама алу үшін интервьюердің жоспарланған келетін күні туралы сұрақ қосылады. Сонымен қатар сауалнамада интервьюердің егістікке астық жиналғаннан кейін ысырап бойынша сынама алу үшін жоспарланған екінші рет келетін күні көрсетіледі. Зерттеу өткізілгеннен кейін сауалнамада сынама алудың нақты күні көрсетіледі.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

      "15. Бидай мен күріштің салмағы мен ылғалдылығын зертханалық зерттеулердің қорытындысын көрсету үшін статистикалық құралда екі бланк көзделген - біреуі егінді жинар алдындағы сынама үшін (В-1), екіншісі егінді жинағаннан кейінгі сынама үшін (В-2). Оларда келесі ақпарат келтіріледі:

      1) зерттеу өткізетін зертхана туралы (зертхана атауы, оның БСН-і мен орналасқан жері, сынамаға зерттеу жүргізген зертханашы және зертхана басшысы туралы);

      2) ауыл шаруашылығы өндiрушiсi туралы (атауы, белгілері (код бөлігі), іріктеме нөмірі мен орны);

      3) дәнді дақылдың атауы мен сорты туралы;

      4) сынамалардың грамдардағы жалпы салмағы және пайыздағы ылғалдылығы.".

      Бидай мен күріш салмағына және ылғалдылығына зертханалық зерттеу жүргізу бланкілеріне зерттеу жүргізген сарапшы-зертханашы және зертхана басшысы зерттеу өткізген күнін көрсете отырып қол қояды.";

      27-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Әрбір іріктеме үшін интервьюер екі учаскені таңдайды. Екінші учаске біріншіден есептің тоқтатылған бағыты бойынша жағалай 30 қадамға және түпкірлей 30 қадамда орналасқан. Интервьюер қадамдары схемасының үлгісі осы Әдістемеге 7-қосымшада келтірілген.";

      30-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әрбір пакетте, таңбалайтын құлақша қағазда мынадай жазбалар жазылады:

      ауыл шаруашылығы өндiрушiсiнің атауы, оның мекенжайы, БСН немесе ЖСН;

      дәнді дақылдың атауы мен сорты;

      іріктеме орны;

      іріктеме №.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Таңдап алынған сынамаларды зертханаға жібермес бұрын интервьюер бидайды сабағынан (қауызынан) ажыратады және дайын астық зертханаға тапсыру үшін қайтадан пакетке салынады. Дайын материалдары бар қағаз пакеттер екі жүмыс күні ішінде ылғалдылығы мен салмағын анықтау үшін зертханаға жіберіледі. Егер зертхана интервьюер жұмыс істеп жүрген аумақтың шегінде болса, ол сынамаларды зертханаға өзі жеткізеді. Егер зертхана алыста орналасса, интервьюер сынамаларды аудандық статистика басқармасына береді, олардың қызметкерлері сынамаларды зертханаға жеткізеді. Сынамалармен бірге интервьюер зертханаға В-1 бланкісін жолдайды, ондағы реквизиттік бөлімді сынама салынған пакеттің таңбалайтын парағынан бастап зертханашы толтырады.";

      38-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Тұтастай зерттеу бойынша іріктеменің стандартты қателерін есептеу үшін негізгі сынама және ысыраптар бойынша іріктеменің стандартты қатесі жеке есептеледі. Есептеу әрбір аудан, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа немесе фермер қожалықтары және дара кәсіпкерлер бойынша бөлек жүргізіледі.";

      40-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жалпы жинаудың есепті көлемі әр аудан үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа немесе фермер қожалықтары және дара кәсіпкерлер бойынша жеке зерттеу нәтижелері бойынша алынған таза түсімділікті себілген немесе жиналған алқапқа көбейтумен қалыптастырылады. Себілген алқапты есепте жалпы жинау туралы алдын ала деректерді табу, жиналғанды – түпкілікті есепті деректер үшін қолданады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Ұлтттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады