"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 395 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 желтоқсанда № 16131 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген, "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар ензгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Осы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлендi, ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға (бұдан әрі – мамандар) бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тәртiбiн айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру тиісті қаржы жылына арналған міндетемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сома шегінде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Маман немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін жүгінген кезде осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдау, сондай-ақ баламалы негізде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету (бас тарту) туралы хабарламаны алу "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" комерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Әкімші әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер мамандардың құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде комиссияға жібереді.

      10. Комиссия Әкімшіден құжаттар келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне маманға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге ұсыным жасайды.

      Әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуден бас тартылған жағдайда, Әкімші комиссияның ұсынысы түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

      маманға (егер маман құжаттарды Әкімшіге тапсырса);

      Мемлекеттік корпорацияға (егер маман құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырса) әлеуметтік қолдау шараларын беруден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды.

      Маман осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Әкімші немесе Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат (бұдан әрі – Қолхат) береді.

      Қолхат Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан екі данада жасалады.

      Маман осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) дұрыс және (немесе) толық ұсынбаған, сонымен қатар маман Заңның 18-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Әкімші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.";

      мынадай мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін бюджет қаражаты жетіспеген жағдайда, Комиссия аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне әлеуметтік қолдау шараларын алушы үміткерлердің қатарынан мамандардың өтініш берген күні бойынша кезектілікті қалыптастыру жолымен әлеуметтік қолдау шараларын беруді тоқтатуға ұсыным жасайды.

      Әлеуметтік қолдау шараларын алуға кезекте тұрған мамандардың құжаттарын қайта қарау мерзімін Әкімші белгілейді және ол бір жылдан артық болмайды.

      Әкімші әлеуметтік қолдау шараларын беру мерзімін тоқтату туралы хабарламаны:

      маманға (егер маман құжаттарды Әкімшіге тапсырса);

      Мемлекеттік корпорацияға (егер маман құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырса) жолдайды.";

      11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі комиссияның ұсынымы келіп түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету және/немесе мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын алуға есепке және кезеккке қою туралы қаулы қабылдайды.

      12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген қаулы қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Әкімші, маман және сенім білдірілген өкіл (агент) арасында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасалады.

      13. Келісім жасалғаннан кейін:

      1) Әкімші бес жұмыс күні ішінде көтерме жәрдемақы сомасын мамандардың жеке есеп шоттарына аударады;

      2) сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) жиырма бес жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит бередi.";

      20, 21 және 22-тармақтар мындай редакцияда жазылсын:

      "20. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі комиссиядан ұсыным келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде маманға мынадай шарттарды ескере отырып, тұрғын үйлердің үлгілік жобаларының нұсқаларын ұсынады:

      1) тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны қырық алты айлық есептік көрсеткіштен аспайды;

      2) тұрғын үй құрылысының жалпы сметалық құны берілетін кредиттің екі еселік мөлшерінен аспауға тиіс;

      3) тұрғын үй құрылысының ең ұзақ мерзімі кредит берген сәттен бастап он екі айдан аспауға тиіс.

      21. Маман үлгілік жобалардың ұсынылған нұсқаларымен жазбаша түрде келіскен жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі келісім алған сәттен бастап төрт жұмыс күні ішінде тұрғын үй салуға бюджеттік кредит беру туралы қаулы қабылдайды.

      22. Осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген қаулы қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Әкімші, маман және сенім білдірілген өкіл (агент) арасында Келісім жасалады.";

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, сондай-ақ осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _________________ Д. Абаев

      2017 жылғы 11 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 395 бұйрығына
1-қосымша
  Ауылдық елдi мекендерге
жұмыс iстеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау, бiлiм
беру, әлеуметтiк
қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарға
әлеуметтiк қолдау шараларын
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
облысы
_________________________
ауданының (облыстық маңызы
бар қаланың) әкiмi
____________________________
тегi, аты-жөнi
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
____________________________
жұмыс орны, лауазымы
____________________________
өтiнiш берушiнiң тегi, аты,
әкесiнiң аты (болған жағдайда)
(бұдан әрі –Т.А.Ә.)

Өтініш

      Сiзден Келiсiмде (қоса берiледі) көрсетілген мөлшерде және шарттарда маған көтерме

      жәрдемақы төлеуiңiздi және/немесе тұрғын үй сатып алуға/салуға (қажеттісін сызу)

      бюджеттiк кредит ресiмдеуге құқық беруiңiздi сұраймын.

      __________ ____________

      күнi             қолы

      Құжаттар қабылданды:

      20__ жылғы "___" _______

      ________ ___________________________________________________________

      қолы                  құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.

      ________________________________________________________________________________

      (кесу сызығы)

      Өзгерiстер туындаған жағдайда, олар туралы 15 жұмыс күн iшiнде хабарлауға

      мiндеттенемiн. Дұрыс емес мәлiметтер және/немесе жасанды құжаттар бергенiм үшiн

      жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм.

      Азамат ____________ өтiнiшi қоса берiлген саны ________ дана құжаттармен бiрге

      20__жылғы "__"_________________ қабылданды.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      ________ ___________________________________________________

      қолы             құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 395 бұйрығына
2-қосымша
  Ауылдық елдi мекендерге
жұмыс iстеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау, бiлiм
беру, әлеуметтiк
қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарға
әлеуметтiк қолдау шараларын
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету туралы келісім

      Елдi мекен _________ 20 ___ жылғы "__"__________

      Бұдан әрі "Әкiмшi" деп аталатын "__________________" мемлекеттiк мекемесi

      атынан басшы ________________________________ бiр тараптан, бұдан әрi "Алушы" деп

      аталатын әлеуметтiк көмек алушы _________________________, екінші тараптан және бұдан

      әрi "Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)" деп аталатын ____________________________ үшiншi

      тараптан төмендегiлер туралы осы Өзара мiндеттемелер келiсiмiн жасасты:

1. Келiсiмнiң мәні

      Тараптар өзара жауапкершiлiктi және келiсiмдi ескере отырып, ешқандай тараптан мәжбүр етiлмей тараптар толық көлемде орындауы тиiс мiндеттемелер қабылдайды, атап айтқанда:

      1.1 Әкiмшi, _______________ мәслихатының (20 __ жылғы "__" _____ № _____) шешiмiнiң негiзiнде өзiне мынадай:

      1) ___________________________________ теңге мөлшерiнде көтерме жәрдемақы;

      2) ___ жыл мерзiмге __________________________________________ теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға/салуға бюджеттiк кредит түріндегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мiндеттемелерін қабылдайды.

      1.2 Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде ___________ ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен) ұйымында кемiнде үш жыл қызмет iстеуге мiндеттемелер қабылдайды.

      1.3 Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) өзiне тапсырма шарты негiзiнде әкiмшiнiң атынан және оның есебiнен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындауға мiндеттеме қабылдайды.

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      2.1 Әкiмшi:

      1) алушыдан осы Келiсiмге сәйкес өзiне алған мiндеттемелердi адал және тиiсiнше орындауды талап етуге құқылы.

      2.2 Әкiмшi:

      1) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң қаулысы қабылданғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде және осы Келiсiм негiзiнде көтерме жәрдемақысының тағайындалған сомасын алушының жеке есеп шотына аударуға мiндеттi.

      2.3 Алушының:

      1) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ерiктi түрде таңдауға;

      2) үш жылдық мерзiм өткенге дейiн, өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасына байланысты басқа ауылдық елдi мекендерге (немесе бір ауылдық елді мекеннің шегінде) жұмысқа ауысқан кезде, қосымша келісім бойынша міндеттемелер қабылдай отырып, алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар.

      2.4 Алушы:

      1) тұрғын үй сатып алуға/салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтiк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 жұмыс күні iшiнде комиссияның Әкімшіге бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растау құжаттарын беруге;

      2) меншiгiне сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн Әкімшіге тұрғын үй құжаттарының түпнұсқаларын алған бюджеттік кредитті толық өтегенге дейін осы Келiсiмдi кемiнде үш жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге;

      3) Әкімшіге тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;

      4) жыл сайын Әкімшіге мекенжай анықтамасын ұсынуға;

      5) осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi.

      2.5 Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агент):

      1) алушымен есеп айырысуды жүргiзуге;

      2) алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргiзуге құқығы бар.

      2.6 Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент):

      1) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредитке қызмет көрсетуге;

      2) кредиттiк шарт бойынша әлеуметтiк қолдау шараларын алған маман мiндеттемелерiнiң орындалуына мониторинг жүргiзуге;

      3) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған және орындаудан бас тартылған жағдайда алушыдан берешектi өндiрiп алуды жүзеге асыруға мiндеттi.

3. Дауларды шешу

      3.1 Осы Келiсiмдi орындау кезiнде туындауы мүмкiн барлық мәселелер мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiне қарай Тараптардың арасында келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.

      3.2 Егер даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен реттелмейтiн болса, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiлуге тиiс.

4. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi

      4.1 Осы Келiсiм тараптар қол қойған күннен бастап күшiне енедi.

      Келiсiм 20___ жылғы "__" ____________ бастап қолданылады.

      4.2 Келiсiм әр тарап үшін бiрдей заң күшi бар үш данада жасалды.

5. Тараптардың заңды мекенжайлары

      Әкiмшi            Алушы       Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)

      __________________  _______________  __________________________

      __________________  _______________  __________________________

      __________________  _______________  __________________________


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 395 бұйрығына
3-қосымша
  Ауылдық елдi мекендерге
жұмыс iстеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау, бiлiм
беру, әлеуметтiк
қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарға
әлеуметтiк қолдау шараларын
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан

      Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, ______________

      облысы _________________________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдігi /

      Мемлекеттік корпорация ________________________ (мекенжайын көрсету керек), Сіздің

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар

      топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, __________________________ мемлекеттік

      көрсетілетін қызмет үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      ______________________;

      ______________________;

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада құрастырылған.

      _____________________________                        _____________

      (Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің)                   (қолы)

      тегі,аты,әкесінің аты (болған жағдайда)

      (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

      Орындаушы: Т.А.Ә.____________

      Телефон нөмірі____________

      Қабылдадым: Т.А.Ә. / қызметті алушының қолы

      "___" ___________ 20__ ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады