"Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 желтоқсанда № 16166 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 9 наурызда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 5-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Дін істері және азаматтық
қоғам министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ___________ Д. Абаев

      2017 жылғы 14 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрі

      ___________ М. Бекетаев

      2017 жылғы 15 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 12 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      ___________ Н. Айдапкелов

      2017 жылғы 15 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Дін істері және азаматтық
қоғам министрінің
2017 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 175 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 51 бұйрығына
қосымша

Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін
ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметтері жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және дерекқорын үкіметтік ұйымдардың қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:

      1) үкіметтік емес ұйым – ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда).

      2) Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры (бұдан әрі – Дерекқор) – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор;

2-тарау. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну тәртібі

      3. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері жөніндегі мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын 31 наурызға дейін қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол немесе электрондық түрде веб-портал арқылы ұсынады.

      Үкіметтік емес ұйымдар есепті кезең үшін ақпаратты көрсете отырып ағымдағы жылдағы іске асырылатын жобалар жөніндегі ақпараты бар өз қызметтері туралы мәліметтерін ұсынады.

      Есепті кезең Дерекқорға мәліметтер ұсыну жылының алдындағы күнтізбелік жылы деп түсіндіріледі.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшадағы кестелер осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

      4. Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер уәкілетті органға пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынылған жағдайда, үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметтерді ілеспе хатпен жолдайды.

      5. Үкіметтік емес ұйымдар мәліметтер туралы веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынған жағдайда, мәліметтер заңды тұлғаға берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      6. Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген және Қазақстан Республикасы аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдар және өкілеттіктер) бар үкіметтік емес ұйымдар осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте филиалдар немесе өкілеттіктер туралы мәліметтерді ұсынады.

      7. Осы Қағидаларда 1-қосымшада I, II бөлімдерінде және VII бөлімнің 43-тармағының 1-кестесінде көзделген үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, үкіметтік емес ұйымдар негіздемесі бар өзгертілген мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде пошта арқылы немесе қолма-қол немесе электронды түрде веб-портал арқылы осындай өзгерістер пайда болған күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде уәкілетті органға ұсынады.

3-тарау. Үкіметтік емес ұйымдар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі

      8. Уәкілетті органдар үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыруды үкіметтік емес ұйымдар және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мәліметтер негізінде жүзеге асырады.

      9. Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді алған кезде, олардың уақтылығын, толықтығын және анықтылығын қарайды.

      Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді, осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылған жағдайда уақтылы болып саналады.

      Осы Қағиданың көрсетілген 1-қосымшасына сәйкес мәліметті толық ұсыну, бұл барлық кестені толтыру болып табылады.

      Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді толық ұсыну уәкілетті органға жолдау күннің шындығына сәйкес келген жағдайда, анық болып саналады. Грамматикалық қателер үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтерді анық емес деп тану үшін негіздеме болып саналмайды.

      10. Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтердің келіп түсуіне қарай он бес жұмыс күн ішінде Дерекқорды жаңартады.

      11. Үкіметтік емес ұйымдарды Дерекқордан алып тастауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімінен үкіметтік емес ұйымдарды алып тастау туралы ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

      12. Дерекқорға ұсынатын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын 10 сәуірге дейін аумақтық әділет органдарынан және мемлекеттік кірістер органдарынан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен үкіметтік емес ұйымдар туралы (тіркеу/қайта тіркеу күні, мекенжайы, құрылтайшылары, басшылары және олардың байланыс деректері, соңғы есепті мерзімге салықтық есеп беру күні) қорытынды мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады. Мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде, пошта арқылы қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынылады.

  Үкіметтік емес ұйымдар
өз қызметтері жөніндегі
мәліметтерді ұсыну және олар
туралы дерекқорды
қалыптастыру қағидасына
1-қосымша

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі жөніндегі мәліметтер

      20___жылғы____________ есепті кезең
      Индекс: ҮЕҰҚМ-1
      Кезеңділігі: жылдың есепті кезеңнен кейін жыл сайын 31 наурызға дейінгі мерзімде.
      Ұсынатын топтар: үкіметтік емес ұйымдар
      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті
      1-кесте
      Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі жөніндегі мәліметтер*

I бөлім. Үкіметтік емес ұйымдар туралы жалпы деректер*

1

БСН:


(12 цифр)

2

Мәліметті ұсыну бойынша есепті кезең:


жыл

3

ҮЕҰ ұйымдастыру-құқықтық нысаны (тиісті ұяшықты Х көрсетіңіз)

мекеме


жеке қор


жеке мекеме


корпоративтік қор


қоғамдық бірлестік


қоғамдық қор


коммерциялық емес акционерлік қоғам


ЗТБ қауымдастық (одақ) нысанындағы


халықаралық және шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың өкілдіктері мен филиалдары



4

ҮЕҰ атауы:


5

Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты:


6

ҮЕҰ орналасқан өңірі (тиісті ұяшықты Х көрсетіңіз)


Астана


Батыс Қазақстан облысы


Алматы


Қарағанды облысы


Ақмола облысы


Қостанай облысы


Ақтөбе облысы


Қызылорда облысы


Алматы облысы


Маңғыстау облысы


Атырау облысы


Павлодар облысы


Шығыс Қазақстан облысы


Солтүстік Қазақстан облысы


Жамбыл облысы


Оңтүстік Қазақстан облысы


7

ҮЕҰ заңды мекенжайы (елді мекен, мекенжай)


8

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні

Нөмірі


Күні


II бөлім. Үкіметтік емес ұйымдардың байланыс деректері

9

Электрондық пошта


10

Телефон нөмірі


11

Сайт мекенжайы


III бөлім. Еріктілер мен қызметкерлер туралы мәліметтер

12

Штаттық қызметкерлердің саны


13

Еріктілер саны


14

Шетелдік қызметкерлер саны


IV бөлім. Қызметтің бағыты

15

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметтік бағыты (керек торды Х көрсетіңіз):


білім және ғылым


ақпарат саласы


дене шынықтыру және спорт


салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты сақтау


қоршаған ортаны қорғау


жастар саясатын қолдау және балаларды қорғау


демография мәселелерін шешу


гендерлік мәселелер


халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау


көпбалалы, толық емес отбасы жанұяларға және жетім балаларға көмек


азаматтардың жұмысқа орналастыруына көмектесу


азаматтардың, ұйымдардың заңды мүдделерін мен құқықтарын қорғау


мәдениетті және өнерді дамыту


тарихи-мәдени мұраны қорғау


ұлттық бірлікті және қоғамдық келісімді нығайту


есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу


мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу


16

Үкіметтік емес ұйым қызметінің мәні мен мақсаттары (жарғыға сәйкес):


17

Мақсатты аудитория/атаулы топ:


V бөлім. ҮЕҰ есепті кезеңдегі кірістер (сомасы, теңге)

18

Депозит бойынша сыйақылар


19

Гранттар


20

Өтеусіз алынған мүлік


21

Кіріспе жарналары


22

Мүшелік жарналар


23

Қайырымдылық көмек


24

Демеушілік көмек


25

Өтеусіз негізіндегі аударымдар


26

Қайырымдылық


27

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруда шарт бойынша алынған кіріс


28

ҮЕҰ сыйлықақылары


29

Басқа да кірістер


30

Барлығы:


VI бөлім. Есептік кезеңде ҮЕҰ-дың шығыстар, (сомасы, теңге)

31

Коммерциялық емес ұйымдарды ұстау шығындары


32

Іс шараларды ұйымдастыру мен өткізу


33

Ақпараттық материалдарды әзірлеу мен ұйымдастыру


34

Сыйақы


35

Қайырымдылық көмек


36

Демеушілік көмек


37

Өтеусіз негізіндегі аударымдар


38

Кіріспе жарналары


39

Мүшелік жарналар


40

Өтеусіз алынған мүлік


41

Қайырымдылық


42

Барлығы:


VII бөлім. Бюджет (сомасы, теңге) (шетелдік және халықаралық ұйымдар немесе филиалдармен толтырады)

43

Есепті кезең бойынша Қазақстан Республикасында жобаларды/бағдарламаларды қаржыландыру бюджеті (егер жобаны және/немесе бағдарламаны филиал немесе өкілдік Қазақстан Республикасының аумағында қаржыландырса)


44

Ағымдағы күнтізбелік жыл бойынша Қазақстан Республикасында гранттық қаржыландыру бюджеті (филиал немесе өкілдік тарапынан гранттар Қазақстан Республикасында бөлінген жағдайда және тиісті бекітілген бюджет болған жағдайда)


      Ескерту:
      *егер деректер мүлде болмаса, сызықша қойылып немесе "жоқ" деп белгіленеді.
      Қолданылған қысқартылған сөздер:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйым
      ЗТБ – заңды тұлға бірлестігі
      2-кесте
      Үкіметтік емес ұйымдардың филиалы (-дары) және өкілдігі (-тері)*

Атауы

БСН

Орналасқан жері

Басшының АТӘ (болған жағдайда)

Тіркелген күні

Тіркелген нөмірі

Телефон нөмірі, электрондық пошта, сайт мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

1








      Ескерту:
      *егер деректер мүлде болмаса, сызықша қойылып немесе "жоқ" деп белгіленеді.
      Қолданылған қысқартылған сөздер:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
      АТӘ – аты, тегі, әкесінің аты
      3-кесте

Үкіметтік емес ұйымдардың, филиалдардың және шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар өкілеттіктерінің (оқшауланған бөлімшелерінің) есепті кезеңде іске асырған және ағымдағы жылы іске асыратын жобалары*

Жобаның/бағдарламаның атауы

Донор ұйымының тапсырыс берушінің жобаның/ бағдарламаның грант берушінің БСН

Қаржыландыру көзі (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, шетелдік, коммерциялық, өзін-өзі қаржыландыру, коммерциялық)

Жобаның бағыты (1-кестенің 15-тармағын таңдаңыз)

Жоба/бағдарламалар мақсаты

Жобаны іске асырған өңір (облыс)

Жалпы бюджет жобасы (теңге)

Есепті кезеңде жобаны қаржыландыруға алынған (теңге)

Жобаны іске асыру кезеңі

Жоба/бағдарламаларды қоса орындаушының атауы

Жобаның орындалуы туралы қысқаша ақпарат

бастап

қоса алғанда



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1













      Ескерту:
      *егер деректер мүлде болмаса, сызықша қойылып немесе "жоқ" деп белгіленеді.
      Қолданылған қысқартылған сөздер:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
      4-кесте

Үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары және (немесе) өкілеттіктері есепті кезеңде іске асырған және ағымдағы жылы іске асыратын жобалары*

Филиалдар атауы (өкілдіктер)

Жобаның/бағдарламаның атауы

Донор ұйымының тапсырыс берушінің, жобаның/бағдарламаның грант берушінің БСН

Қаржыландыру көзі (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, шетелдік, коммерциялық, өзін-өзі қаржыландыру, коммерциялық)

Жобаның бағыты ("Қызмет бағыты", бөлімінен 1-кесте 15-тармағынан негізгі сауалнаманы таңдаңыз)

Жобаны іске асырған өңір (облыс)

Жобаның жалпы бюджеті (теңге)

Есепті кезеңде жобаны қаржыландыруға алынған (теңге)

Жобаны іске асыру кезеңі

Жобаның орындалуы туралы қысқаша ақпарат

бастап

қоса алғанда


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1












      Ескерту:

      *егер деректер мүлде болмаса, сызықша қойылып немесе "жоқ" деп белгіленеді.

      Қолданылған қысқартылған сөздер:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
      5-кесте

      Үкіметтік емес ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтері*

Атауы немесе АТӘ (болған жағдайда)

Заңды немесе жеке тұлға екендігін көрсетіңіз:

БСН / ЖСН

1

2

3

4

1





      Ескерту:
      *егер деректер мүлде болмаса, сызықша қойылып немесе "жоқ" деп белгіленеді.
      Қолданылған қысқартылған сөздер:
      АТӘ – аты, тегі, әкесінің аты
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
      6-кесте

Ынтымақтастық/серіктестік туралы құжаттар жасасқан ұйымдар/органдар, мемлекет*

Атауы

Түрі
(мемлекет, мемлекеттік орган, ҮЕҰ, коммерциялық ұйым)

БСН
(немесе шетелдік ұйымдар, органдар үшін ұқсастық)

1

2

3

4

1





      Ұсынған мәліметтердің толықтығы мен нақтылығын растаймын:
      Басшы _________________________________________________________
      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
      Орындаушы ____________________________________________________
      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
      Мөр орны
      Ескерту:
      *егер деректер мүлде болмаса, сызықша қойылып немесе "жоқ" деп белгіленеді.
      Қолданылған қысқартылған сөздер:
      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйым
      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі

  Үкіметтік емес ұйымдарымен
өз қызметтері жөніндегі
мәліметтерін ұсыну және олар
туралы дерекқорды
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша

Әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
"Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі жөніндегі мәліметтері"

      1. Нысанды үкіметтік емес ұйымдардың басшысы (ол болмаған жағдайда оны алмастырушы адам) толтырады және Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне есепті кезеңнен кейін келесі жылғы 31 наурызға дейін ұсынылады.

      2. Нысанға есептіліктегі деректердің анықтығы және оны уақытылы ұсыну үшін жауапы бірінші басшы (ол болмаған жағдайда оны алмастырушы адам) қол қояды және ұйымның мөрімен куәландырылады.

      3. "Үкіметтік емес ұйымдардың қызметтері туралы мәліметтер" нысанының 1-кестесіндегі "Үкіметтік емес ұйымдар туралы жалпы деректер" бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) 1-тармақта ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      2) 2-тармақта "Мәлімет ұсынатын есепті кезең және жыл" мәліметті ұсыну жылы көрсетіледі;

      3) 3-тармақта "Үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастыру-құқықтық нысаны" көрсетіледі;

      4) 4-тармақта құрылтайшылар құжаттарына сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың толық атауы көрсетіледі;

      5) 5-тармақта "Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты" көрсетіледі;

      6) 6-тармақта "ҮЕҰ орналасқан өңірі (Х керек ұяшықты көрсетіңіз)" көрсетіледі;

      7) 7-тармақта "ҮЕҰ заңды мекенжайы (елді мекен, мекенжай)" көрсетіледі;

      8) 8-тармақта "Мемлекеттік тіркеу (қайтадан тіркеу) нөмірі мен күні" көрсетіледі.

      4. "Үкіметтік емес ұйымның байланыс деректері" II бөлімі мынадай мәліметтерімен көрсетіледі:

      1) 9-тармақта "Электрондық пошта" көрсетіледі;

      2) 10-тармақта "Телефон нөмірі" көрсетіледі;

      3) 11-тармақта "Сайт мекенжайы" көрсетіледі.

      5. "Қызметкерлер мен еріктілер туралы мәліметтер" III бөлімі мынадай мәліметтерімен көрсетіледі:

      1) 12-тармақта "Штаттық қызметкерлердің саны" көрсетіледі;

      2) 13-тармақта "Еріктілер саны" көрсетіледі;

      3) 14-тармақта "Шетелдік қызметкерлер саны" көрсетіледі.

      6. "Қызметтің бағыты" IV бөлімі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 15-тармақта "Үкіметтік емес ұйымның қызмет бағыты (Х керек ұяшықты көрсетіңіз)" көрсетілген тізімнің ішінде үкіметтік емес ұйымның қызмет бағыты көрсетіледі;

      2) 16-тармақта "ҮЕҰ қызметінің мәні мен мақсаттары (жарғыға сәйкес)" көрсетіледі;

      3) 17-тармақта "Мақсатты аудитория/атаулы топ" көрсетіледі.

      7. "ҮЕҰ есепті кезеңдегі кірістер туралы (сомасы, теңге)" V бөлімі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 18-тармақта "Депозиттер бойынша сыйақы" көрсетіледі;

      2) 19-тармақта "Гранттар" көрсетіледі;

      3) 20-тармақта "Өтеусіз алған мүлік" көрсетіледі;

      4) 21-тармақта "Кіру жарналары" көрсетіледі;

      5) 22-тармақта "Мүшелік жарналар" көрсетіледі;

      6) 23-тармақта "Қайырымдылық көмек" көрсетіледі;

      7) 24-тармақта "Демеушілік көмек" көрсетіледі;

      8) 25-тармақта "Өтеусіз негізіндегі аударымдар" көрсетіледі;

      9) 26-тармақта "Қайырымдылық түрінде алған" көрсетіледі;

      10) 27-тармақта "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша алған кіріс" көрсетіледі;

      11) 28-тармақта "ҮЕҰ сыйлықақылары" көрсетіледі;

      12) 29-тармақта "Басқа да кірістер" көрсетіледі;

      13) 30-тармақта "Барлығы" кірістердің барлық сомасы көрсетіледі.

      8. "Есепті кезеңде ҮЕҰ-дың шығыстары (сомасы, теңге)" VI бөлімі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 31-тармақта "Коммерциялық емес ұйымдарды ұстау" көрсетіледі;

      2) 32-тармақта "Іс шараларды ұйымдастыру мен өткізу" көрсетіледі;

      3) 33-тармақта "Ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру" көрсетіледі;

      4) 34-тармақта "Сыйақы" көрсетіледі;

      5) 35-тармақта "Қайырымдылық көмек" көрсетіледі;

      6) 36-тармақта "Демеушілік көмек" көрсетіледі;

      7) 37-тармақта "Өтеусіз негізіндегі аударымдар" көрсетіледі;

      8) 38-тармақта "Кіру жарналар" көрсетіледі;

      9) 39-тармақта "Мүшелік жарналар" көрсетіледі;

      10) 40-тармақта "Өтеусіз берілген мүлік" көрсетіледі;

      11) 41-тармақта "Қайырымдылық" көрсетіледі;

      12) 42-тармақта "Барлығы" барлық шығыстар сомасы көрсетіледі.

      9. "Бюджет" VII бөлімін филиалдар немесе халықаралық және шетелдік ұйымдардың өкілдіктері мынадай түрде көрсетіледі (сомасы теңгемен көрсетіледі):

      1) 43-тармақта "Есепті кезең бойынша Қазақстан Республикасында жобаларды/бағдарламаларды қаржыландыру бюджеті" (егер жобаны және/немесе бағдарлама филиал немесе өкілдік Қазақстан Республикасының аумағында қаржыландырса) көрсетіледі;

      2) 44-тармақта "Ағымдағы күнтізбелік жыл бойынша Қазақстан Республикасында гранттық қаржыландыру бюджеті" (филиал немесе өкілдік тарапынан гранттар Қазақстан Республикасында бөлінген жағдайда және тиісті бекітілген бюджет болған жағдайда) көрсетіледі.

      10. "Үкіметтік емес ұйымдардың филиалы(-дары) және өкілдігі (-тері)" нысанның 2-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

      2) 2-бағанда "Атауы" көрсетіледі;

      3) 3-бағанда "БСН" көрсетіледі;

      4) 4-бағанда "Орналасқан жері" көрсетіледі;

      5) 5-бағанда"Басшының АТӘ (болған жағдайда)" көрсетіледі;

      6) 6-бағанда"Тіркелген күні" көрсетіледі;

      7) 7-бағанда "Тіркелген нөмірі" көрсетіледі;

      8) 8-бағанда "Телефон нөмірі, электрондық пошта, сайт мекенжайы" көрсетіледі.

      11. "Есепті кезеңде іске асырылған, ағымдағы жылғы іске асырылатын және жобалар туралы" нысанның 3-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

      2) 2-бағанда "Жобаның/бағдарламаның атауы" көрсетіледі;

      3) 3-бағанда "Донор ұйымының, тапсырыс берушінің, жобаның/бағдарламаның грант берушісінің БСН" көрсетіледі;

      4) 4-бағанда "Қаржыландыру көзі (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, шетелдік, коммерциялық емес, өзін-өзі қаржыландыру, коммерциялық көздерден алынған қаржыландыру көздері)" көрсетіледі;

      5) 5-бағанда "Жобаның бағыты 1 кестенің 15 тармағын таңдаңыз)" көрсетіледі;

      6) 6-бағанда "Жоба/бағдарлама мақсаты" көрсетіледі;

      7) 7-бағанда "Жобаны іске асырған өңір (облыс)" көрсетіледі;

      8) 8-бағанда "Жалпы бюджет жобасы (теңге)" көрсетіледі;

      9) 9-бағанда "Есепті кезеңде алынған жобаға қаржыландыру (теңге)" көрсетіледі;

      10) 10, 11-бағандарда "Жобаны іске асыру кезеңі" жобаны іске асыруды бастау мен аяқтау күні (нысан бойынша күндері, айлары, жылдары) көрсетіледі;

      11) 12-бағанда "Жобаны/бағдарламаны қоса орындаушының атауы" көрсетіледі;

      12) 13-бағанда "Жобаны орындау туралы қысқаша ақпарат" көрсетіледі.

      12. "Филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің есепті мерзімде іске асырылған және ағымдағы жылы іске асырылатын жобалары" нысанның 4-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

      2) 2-бағанда "Филиалдар (өкілдіктер) атауы" көрсетіледі;

      3) 3-бағанда "Жобаның/бағдарламаның атауы" көрсетіледі;

      4) 4-бағанда "Донор ұйымының, тапсырыс берушінің, жобаның/бағдарламаның грант берушісінің БСН" көрсетіледі;

      5) 5-бағанда "Қаржыландыру көзі (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, шетелдік, коммерциялық, өзін-өзі қаржыландыру, коммерциялық емес)" көрсетіледі;

      6) 6-бағанда "Жобаның бағыты (1-кестедегі 15 тармақта қызметтер бағыты бөлімін таңдаңыз)" көрсетіледі;

      7) 7-бағанда "Жобаны іске асырған өңір (облыс)" көрсетіледі;

      8) 8-бағанда "Жобаның жалпы бюджеті (теңге)" көрсетіледі;

      9) 9-бағанда "Есепті кезеңде жобаға алынған қаржыландыру (теңге)" көрсетіледі;

      10) 10, 11-бағандарда "Жобаны іске асыру кезеңі" жобаны іске асыруды бастау мен аяқтау күні (нысан бойынша күндері, айлары, жылдары) көрсетіледі;

      11) 12-бағанда "Жобаны орындау туралы қысқаша ақпарат" көрсетіледі.

      13. Үкіметтік емес ұйымдарды құрған "Құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтер" нысанның 5-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

      2) 2-бағанда "Атауы немесе АТӘ (болған жағдайда)" көрсетіледі;

      3) 3-бағанда "Жеке және заңды тұлғаны, көрсетіңіз:" көрсетіледі;

      4) 4-бағанда "ЖСН/БСН" көрсетіледі.

      14. "Ынтымақтастық/серіктестік туралы құжаттар жасасқан ұйымдар/органдар, мемлекет" нысанның 6-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

      2) 2-бағанда "Атауы" көрсетіледі;

      3) 3-бағанда "Түрі (мемлекеттік орган, үкіметтік емес ұйымдар, коммерциялық ұйым)" көрсетіледі;

      4) 4-бағанда "БСН (немесе орган, шетелдік ұйымдар үшін ұқсастық)" көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады