Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 471 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 қаңтарда № 16191 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 471 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 73 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10451 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған ):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларында:

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар тұрақты негізде тиісінше электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру үшін пайдаланылатын жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың жарамды күйін мынадай жұмыс кешенін ұйымдастыру және жүргізу жолымен қамтамасыз етеді:".

      2. "Техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 90 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10453 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларында:

      3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) энергетикалық жабдық – электр және жылу энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға және беруге арналған машиналардың, қондырғылардың, аппараттардың, электр беру желілерінің, құбырлардың және қосалқы жабдықтардың кешені.".

      3. "Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларында:

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығы электр энергиясын және қуатын беру, диспетчерлендіру, реттеу және резервтеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қамтиды, электр энергиясын өндіру, беру, тұтыну ерекшеліктеріне негізделеді және Заңға сәйкес белгіленген тәртіпте жұмыс істейді. Жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтерді тиісті қызметтерді көрсетуге жасалатын шарттар негізінде электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері көрсетеді және алады.".

      4. "Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10533 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өңiрлiк деңгейдегi электр желiлерi – өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия беруші ұйымның, не басқа желінің меншік иесі – электр энергиясының бөлшек сауда нарығы субъектілерінің теңгерімінде тұрған электр энергиясын беруге арналған шағын станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғастыратын электр беру желiлерiнiң жиынтығы;";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Электр энергиясын беру жөнiндегi нақты көрсетiлген қызметтер үшiн қаржылық өзара есеп айырысулар табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекiткен тарифтер мен есептік бір ай ішінде электр энергиясының нақты теңгеріміне енгізілген, тұтынылған электр энергиясының мөлшерi бойынша жүргiзiледi.".

      5. "Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінде №29 (28757) жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:

      2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.";

      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Жеткізуші электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге шартпен белгіленген орта сағаттық қуаты электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жиынтық шамасынан төмен электр энергиясын көтерме сауда нарығына жеткізу кезінде жоспарлы, жоспардан тыс, авариялық жөндеуде немесе резервтен тыс жағдайда тұрған генерациялайтын қондырғылардың қуатын шегеріп тастағанда, электр қуатының қалған бөлігіне жеткізуші Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен теңгерімдеуші нарықта арттыруды реттеуге қатысу үшін өтінімді күн сайын қалыптастырады және береді. Аталған норма тек жылыту режимі бойынша жұмыс істейтін генерациялайтын қуат бірліктеріне қолданылмайды.

      23. Жеткізуші Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен технологиялық минимумдар ведомостында көрсетілген генерациялайтын қондырғылардың технологиялық минимумының тиісті шамасына сәйкес келетін шамаға дейін теңгерімдеуші нарықта операциялық тәуліктің әрбір сағатына төмендетуді реттеуге қатысуға өтінімді күн сайын қалыптастырады және береді.".

      6. "Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) электр қондырғылары – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға және беруге, оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.".

      7. "Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 248 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10957 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) техникалық электр энергиясын есепке алу кешені – деректері бойынша субъектінің жеке энергия объектілерімен және электр қондырғыларымен электр энергиясын тұтынуының бақылауы жүргізілетін электр энергиясын есепке алу кешені;".

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. ЭКЕАЖ электр энергиясының көтерме және теңгерімдеуші сауда нарығында өзара есеп айырысу үшін есептік кезеңде, әрі электр энергиясын өндіруде және тұтынуда оның сағаттық деректерін қалыптастыру кезінде электр энергиясын есепке алу бойынша сенімді және заңды деректерді алуға арналған негізгі құрал болып табылады. Субъектілерде ЭКЕАЖ-ның болуы Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығына қол жеткізуі үшін шарт болып табылады.";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электр энергиясын өңдіру, беру және тұтыну кезінде оны есепке алу бойынша бірыңғай техникалық саясатын жүзеге асыру мақсатында және Заңның 10-бабы 1-тармағының 10) тармақшасын орындау үшін ЭҚЕАЖ-дың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарының жобалауға техникалық тапсырмасы, техникалық жобасы және бағдарламасы Жүйелік оператормен келісіледі.".

      8. "Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10907 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларында:

      3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жоғары өрмелеу жұмыстары – монтаждау немесе жөндеу кезінде тікелей конструкциялармен немесе жабдықпен жұмыстар жүргізілетін жердің, аралық жабынның немесе жұмыс төсемі бетінен 2 метрден (бұдан әрі – м) астам биіктікте орындалатын жұмыстар. Бұл ретте жұмыс істеушілерді құлап кетуден сақтандыратын негізгі құралдар – сақтандыру арқаны және оны бекіту тәсілі болып табылады;";

      3-тармақтың 35) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) электр қондырғысы – электр энергиясы өндірілетін, түрлендірілетін, берілетін, тұтынылатын қондырғы;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады