"Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 178 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 қаңтарда № 16196 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген, 2010 жылғы 9 қарашадағы № 461-468 (26311) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрі

      Т.Қ. Дүйсенова _________________

      2017 жылғы "____" _____________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      Ж.М. Қасымбек ________________

      2017 жылғы "____" _____________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      Б.Т. Сұлтанов __________________

      2017 жылғы "____" _____________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      А. Мұхамедиұлы ______________

      2017 жылғы 5 желтоқсан

      "КЕЛIСIЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

      орынбасары – Қазақстан

      Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрі

      А. Мырзахметов ____________

      2017 жылғы 29 қараша

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкінің төрағасы

      Д.Т. Ақышев ______________

      2017 жылғы 20 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2017 жылғы 20 қарашадағы
№ 178 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
төрағасының
2010 жылғы 9 шілдедегі
№ 173 бұйрығымен бекітілген

Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік статистика органдарына алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайданылатын ұғымдар Заңда көрсетілген мағынада, сондай-ақ келесі аңықтамалар пайдаланылады:

      интервьюер – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде респонденттер мен үй шаруашылықтарына пікіртерім жүргізуді жүзеге асыратын адам;

      телефон арқылы пікіртерім жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі – орталықтандырылған компьютерлік жүйенің бақылауында телефон сұхбаты арқылы статистикалық байқауларды жүргізуге мүмкіндік беретін технология.

2-тарау. Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібі

      3. Респонденттер анық алғашқы статистикалық деректерді сәйкес жылға Заңда белгіленген тәртіппен бекітілетін респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне (бұдан әрі - График) және статистикалық әдіснамаға сәйкес ұсынады.

      4. Статистикалық нысандарды ұсыну мерзімдері, кезеңділігі және мекенжайы, респонденттер тобы, статистикалық нысандарды бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні олардың титулдық беттерінде көрсетіледі.

      5. Жалпымемлекеттік статистикалық нысандарды ұсыну күні:

      1) қағаз жеткізгіште титулдық бетте аумақтық статистика органдарының мөртабанымен бекітіледі;

      2) электрондық түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсындағы "Респондент кабинеті" арқылы жүйелік күн автоматты түрде белгіленеді;

      3) телефон арқылы пікіртерім жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі арқылы жүйелік күн автоматты түрде бекітіледі;

      4) интервьюердің қағаз жеткізгішті және (немесе) жеке есептеуіш құрлығысын пайдаланумен (планшет) респондентке жеке пікіртерім жүргізу кезінде жүйелік күн автоматты түрде бекітіледі.

      Ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын ұсыну күні:

      1) қағаз жеткізгіштерде ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк қызметкерлері бекітеді;

      2) электрондық түрде жүйелік күн автоматты түрде бекітіледі.

      Егер статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс емес күнге келсе, статистикалық нысанды ұсыну мерзімінің аяқталу күні одан кейінгі жұмыс күні болып саналады.

      6. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларға жататын респонденттер тобы байқау әдісін (жаппай немесе іріктемелі) ескере отырып, статистикалық тіркелімдер деректері бойынша анықталады.

      Іріктемелі байқауға респонденттерді қосу үшін іріктеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 22 тамыздағы бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркелімінің тізілімінде № 14250 болып тіркелген) Кәсіпорындарға іріктемелі зерттеулер жүргізу бойынша әдістемеге, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 11 қарашадағы бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркелімінің тізілімінде № 14515 болып тіркелген) Үй шаруашылықтарына іріктемелі зерттеулер жүргізу бойынша әдістемеге, сонымен қатар жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық әдіснамаларына сәйкес жүргізіледі.

      7. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша респонденттер ұсынуға қажетті статистикалық нысандар тізбесін респонденттің сұрауы бойынша немесе өз бетінше Комитеттің www.stat.gov.kz. ресми интернет-ресурсында орналасқан "Респондент кабинетінде" жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) немесе заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірін (БСН) енгізу арқылы статистикалық нысандар тізбесін алады.

      Аумақтық статистика органдарына ұсынуға қажетті алынған статистикалық нысандар тізбесіне сәйкес респонденттер іріктемелі зерттеуге қосу нәтижесін Комитеттің www.stat.gov.kz. ресми интернет-ресурсындағы "Респонденттің кабинеті" арқылы немесе тұратын жері бойынша аумақтық статистика органдарында өз бетінше нақтылайды.

      Ұсынуға қажетті статистикалық нысандар тізбесі сәйкес жылға Заңда белгіленген тәртіппен бекітілетін статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес қалыптастырылады.

      8. Ведомстволық статистикалық байқауларға жататын респонденттер тобын ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі анықтайды.

      9. Ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша респонденттер мемлекеттік органдар немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынған толтыруға қажетті статистикалық нысандар тізбесін алады.

      10. Статистикалық нысандарды өзінің тұрған жері бойынша заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, егер оларға заңды тұлғалардың статистикалық нысандарды тапсыру бойынша уәкілеттіктері берілген жағдайда тапсырады. Егер құрылымдық және оқшауланған бөлімшелерде мұндай уәкілеттіктер болмаса статистикалық нысандарды олардың орналасқан жерін көрсете отырып, өзінің құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері бөлінісінде заңды тұлғалар ұсынады.

      Байқауды өткізудің статистикалық әдіснамасында статистикалық нысандарды тек қана заңды тұлғалар немесе тек қана құрылымдық және оқшауланған бөлімшелердің ұсынуы көзделген жағдайда статистикалық нысандар мемлекеттік статистика органдарына мемлекеттік статистика органдарының байқауды өткізу статистикалық әдіснамасына сәйкес ұсынылады.

      11. Бас компаниялары Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдік заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері статистикалық нысандарды мемлекеттік статистика органдарына құрылымдық және оқшауланған бөлімшенің орналасқан жері бойынша ұсынады.

      12. Есепті кезеңде құрылымдық бөлімше немесе объект таратылған кезде оған жататын барлық деректер статистикалық нысаннан алынбайды. Егер есепті кезеңде заңды тұлға құрылымы қайта құрылған немесе өзгерген жағдайда статистикалық нысандарда деректер заңды тұлғаның жаңа құрылымына сәйкес келтіріледі.

      Жойылған немесе заңды тұлға банкротқа ұшырады деп жарияланған жағдайда өз қызметінің соңғы есепті кезеңіне есеп беретін заңды тұлға кезеңділігі жылдық статистикалық нысандар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсынады.

      Кезеңділігі тоқсандық ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қажет болған жағдайда тарату туралы бұйрық қабылданған кезеңге тарату балансын сұратады.

      Жаңадан құрылған заңды тұлғалар алғашқы статистикалық деректерді тіркеген күннен бастап есепті кезеңнің соңына дейінгі кезеңге ұсынады. Заңды тұлға қызметі болмаған жағдайда, хабарламаны осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес ұсынады.

      13. Үй шаруашылықтары алғашқы статистикалық деректерді аумақтық статистика органдарының интервьюерлеріне тапсырады.

      14. Жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға және олардың анықтығына басшының (басшы болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы тұлғаның) қолы қойылған статистикалық нысандарды тапсырады. Статистикалық нысандар онда мөр қарастырылған жағдайда мөрмен (бар болған жағдайда) куәландырылады.

      15. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректер:

      1) қағаз жеткізгіштерде;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсындағы "Респондент кабинеті" арқылы электрондық түрде;

      3) телефон арқылы пікіртерім жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі арқылы;

      4) интервьюердің қағаз жеткізгішті және (немесе) жеке есептеуіш құрылғысын (планшетті) пайдалануымен респондентке жеке пікіртерім жүргізу арқылы ұсынылады.

      Ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректер қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба пайдалану арқылы электрондық түрде немесе арнайы байланыс арналары арқылы ұсынылады.

      Қағаз жеткізгіштердегі статистикалық нысандар қолма-қол немесе пошталық байланыс қызметтері арқылы ұсынылады. Ұсыну күні кәсіпорынның пошталық штемпелінде көрсетілген жөнелту күні болып табылады.

      16. Есепті кезеңде (ай, тоқсан, жыл) қызметі болмаған кезде респондент Графикте көрсетілген мерзімдердің аяқталу күнінен кешіктірмей тиісті статистикалық нысандардың орнына қызметінің болмауы туралы хабарламаны осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде әр нысан бойынша жеке немесе "Респонденттің кабинеті" арқылы Комитеттің www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында қызметтің болмау себептерін және аталған қызмет жүзеге асырылмайтын мерзімді көрсете отырып осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген статистикалық нысандарды қоспағанда ұсынады.

      17. Қызметінің болмауы туралы хабарламада көрсетілген мерзім аяқталған соң немесе қызметін мерзімінен бұрын жаңғыртқан жағдайда бұрын ұсынылған қызметінің болмауы туралы хабарламаның күші ол туралы мемлекеттік статистика органдарына хабарлаған жағдайда жойылады және респондент жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын Графикке сәйкес мемлекеттік статистика органдарына тапсырады.

      18. Қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты респондент мемлекеттік статистика органдарына жүгінген және салық есептілігін ұсынуды уақытша тоқтата тұру туралы шешімнің көшірмесін ұсынған кезде ағымдағы жылы жұмыспен өтелген кезең үшін есептілік ұсынылатын статистикалық нысандарды (жылдық алғашқы деректер) қоспағанда осы респондент статистикалық нысандарды шешімде көрсетілген мерзімнің соңына дейін ұсынбайды.

      Салық есептілігін ұсынуды уақытша тоқтата тұру туралы шешімде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін респондент уақыттан бұрын қызметін қайта бастаса, статистикалық нысандар респондент қызметін қайта бастаған сәттен бастап ұсынылатын болады.

      19. Респондент мемлекеттік статистика органдарына бұрын ұсынған статистикалық нысандар бойынша қателерін өзі анықтаған кезде респондент қателерді осы Қағидалардың 20 және 21-тармақтарына сәйкес түзетеді.

      Статистикалық ақпаратты түзу кезінде, қателер табылған жағдайда, сондай-ақ алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін мемлекеттік статистика органдарының лауазымды адамдары респонденттерден қосымша ақпаратты талап етеді.

      Егер статистикалық нысанды толтыру бойынша нұсқаулықта өзгелері белгіленбеген болса, респонденттер алғашқы статистикалық деректердің бұрмалануын анықтаған кезде мемлекеттік статистика органдарының лауазымды адамдары респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзету енгізуді талап етеді.

      Респондент бұрмалауды немесе олармен келіспейтінін дәлелдегенде алғашқы статистикалық деректерге енгізілген өзгерістермен бірге статистикалық нысандарды немесе ұсынылған деректердің анықтығын растайтын құжаттармен бірге сәйкес ақпаратты, оның ішінде факс, электрондық пошта, ұтқыр және телефон байланысы арқылы ұсынады.

      20. Респонденттер айлық және тоқсандық кезеңділіктегі жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары бойынша қателерді - бір жұмыс күні ішінде, басқа кезеңділіктегі статистикалық нысандар бойынша мемлекеттік статистика органдарының лауазымды адамдары хабарлама берген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде түзетеді.

      Респонденттер ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары бойынша қателерді ведомстволық статистикалық байқауларды өз бетінше жүргізетін мемлекеттік органдар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген мерзім ішінде түзетеді.

      21. Респондент статистикалық нысанға түзетулер енгізген кезде тапсыру нысанына (қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде) қарамастан, оны тапсыру мерзімінен кейін статистикалық нысанның түзетілген нұсқасын респондент, егер өзгелері статистикалық нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулықта белгіленбеген болса, статистикалық нысанды ұсыну орнына қарай тапсырады. Статистикалық нысанның қағаз жеткізгіште ұсынылған түзетілген нұсқасы күні және орындаушы мен басшының қолы қойылып, "түзетулерге сену" деген сөздермен расталады.

      22. Қайта ұсынылған статистикалық нысанға осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес лауазымды адамдар қол қояды.

      23. Респонденттер негізгі немесе қосалқы экономикалық қызмет түрін өзгерту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айлық мерзімде немесе қызметкерлер саны өзгерген жағдайда бұл туралы мемлекеттік статистика органдарын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес немесе "Респондент кабинеті" арқылы Комитеттің www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып хабардар етеді.

      Аумақтық статистика органдары түскен хабарламаларды қарайды және үш жұмыс күні ішінде экономикалық қызметтің негізгі, қосалқы түрлерінің, статистикалық тіркелімдердегі респонденттер бойынша қызметкерлердің санының өзгеруі туралы шешім қабылдайды.

      Хабарламаны қарау нәтижесі хабарламада көрсетілген электрондық мекенжайға (мекенжайларға) жіберіледі.

  Респонденттердің алғашқы
статистикалық деректерді
ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Хабарлама

  ______________ облысының
(қаласының, ауданының)
мемлекеттік статистика органы

      Жеке немесе заңды тұлғаның атауы __________________________, ЖСН немесе БСН

      коды ________________________, ЭҚЖЖ ________________, (статистикалық нысан атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (индексі __________, кезеңділігі __________) жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық

      статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша _____ ай, тоқсан және (немесе)

      жыл ішінде _________________________________ жағдайға байланысты қызмет

      жүргізілмейтінін хабарлайды.

      Жоғарыда баяндалғанға сәйкес статистикалық нысан ______________ облысының

      (қаласының, филиалының) мемлекеттік статистика органына __________ айынан және

      (немесе) тоқсанынан (қажеттісін сызу) бастап ұсынылатын болады.

      Басшы ____________________________/____________________

      тегі, аты және әкесінің аты                  қолы

      (бар болған жағдайда)

      Бас бухгалтер _____________________________/_______________

      тегі, аты және әкесінің аты                  қолы

      (бар болған жағдайда)

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

      ___________________________/_________________/______________________

      мекеменің нақты мекенжайы      телефон нөмірі      электрондық пошта

  Респонденттердің алғашқы
статистикалық деректерді
ұсыну қағидаларына
2-қосымша

Қызметінің болмауы туралы хабарлама таралмайтын статистикалық нысандар

      1) "Еңбек бойынша есеп" (индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық және жылдық);

      2) "Қызметкерлердің жекелеген лауазымдары мен кәсіптері бойынша жалақы мөлшері туралы есеп" (индексі 2-Т (ПРОФ), кезеңділігі жылына бір рет);

      3) "Зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны туралы есеп" (индексі 1-Т (еңбек жағдайы), кезеңділігі жылдық);

      4) "Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілік және саны туралы есеп" (индексі 1-Т (бос жұмыс орын), кезеңділігі жылына бір рет);

      5) "Қызметкерлер санын есептелген жалақы мөлшері бойынша бөлу туралы есеп" (индексі 1-Т (ЗП), кезеңділігі екі жылда бір рет);

      6) "Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп" (индексі 2-МП, кезеңділігі тоқсандық және жылдық);

      7) "Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп" (индексі 1-ПФ, кезеңділігі тоқсандық және жылдық);

      8) "Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп" (индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық);

      9) "Дара кәсіпкердің қызметі туралы есеп" (индексі 1-ИП, кезеңділігі екі жылда бір рет);

      10) "Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп" (индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық);

      11) "Бейрезиденттерге қойылатын қаржылық талаптар және олардың алдындағы міндеттемелер туралы есеп" (индексі 1-ТБ, кезеңділігі тоқсандық);

      12) "Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп" (индексі 3-ақпарат, кезеңділігі жылдық);

      13) "Инновациялық қызмет туралы есеп" (индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық);

      14) "Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп" (индексі 1-СР, кезеңділігі жылына бір рет);

      15) "Жаңа кәсіпорындарға пікіртерім жүргізу" (индексі 1-НП, кезеңділігі біржолғы);

      16) "Ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметі туралы" (индексі 1-СПК, кезеңділігі тоқсандық);

      17) "Сервистік-дайындау орталықтарының қызметі туралы" (индексі 1-СЗЦ, кезеңділігі тоқсандық);

      18) "Теміржол желісінің пайдалану ұзындығының ұзақтығы және теміржол көлігінің жұмысы туралы есеп" индексі 1-ЖД, кезеңділігі жылдық).

  Респонденттердің алғашқы
статистикалық деректерді
ұсыну қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Хабарлама

  ______________ облысының
(қаласының, ауданының)
мемлекеттік статистика органы

      Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің атауы

      ________________________________________________________________________________

      ЖСН немесе БСН ________________________________________________________________

      Экономикалық қызмет түрінің негізгі коды_________

      КМЖ1 коды ____________

      негізгі/қосалқы (қажеттісінің астын сызу) экономикалық қызмет түрінің өзгергені (қосу/алып

      тастау) туралы хабарлайды.

      ________________________________________________________________________________

      (экономикалық қызмет түрінің атауы көрсетіледі)

      Экономикалық қызмет түрінің негізгі және қосалқы кодын көрсетіңіз:

Экономикалық қызмет түрінің (ЭҚЖЖ2) коды

Мың теңгеде өндірілген өнімнің, сатылған тауарлардың және көрсетілген қызметтердің көлемі3

Процесс (

таңбасымен белгіленеді)

Өзгерістер уақытша (маусымдық) сипатта (1жылдан аз)

ЭҚЖЖ негізгі коды

1




өзгерту


иә

жоқ


ЭҚЖЖ қосалқы коды

1




қосу

алып тастау


иә

жоқ


2




қосу

алып тастау


иә

жоқ


3




қосу

алып тастау


иә

жоқ


n




қосу

алып тастау


иә

жоқ


      Ескертпе:

      1 КМЖ коды - Комитеттің ресми интернет - ресурсында (www.stat.gov.kz

Жіктеуіштер

Статистикалық жіктелімдер) орналасқан Қызметкерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ дара кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемділігі жіктеуішіне сәйкес толтырылады

      2 ЭҚЖЖ коды – Комитеттің ресми интернет - ресурсында (www.stat.gov.kz

Жіктеуіштер

Статистикалық жіктелімдер) орналасқан Экономикалық қызмет түрлерінің номенклатурасына сәйкес толтырылады

      3 Экономикалық қызмет түрінің негізгі және қосалқы коды өзгергенде, жол міндетті толтырылуға жатады

      2) қызметкерлер саны4:

1

Орташа жылдық тізімдік саны


2

Филиалдарды ескерусіз орташа жылдық тізімдік саны (филиалдары бар заңды тұлғалар толтырады)


3

Нақты саны


4

Филиалдарды ескерусіз нақты саны


      Басшы ____________________________/_______________________

      тегі, аты және әкесінің аты                        қолы

      (бар болған жағдайда)

      _____________________________/____________________________

      телефон нөмір            электрондық пошта мекенжайы

      Бас бухгалтер _____________________________/_______________

      тегі, аты және әкесінің аты                        қолы

      (бар болған жағдайда)

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

      ___________________________/_________________/______________________

      ұйымның орналасқан нақты мекенжайы      телефон нөмірі      электрондық пошта

      Күні _____________

      Ескертпе:

      4 Орташа есептік кезеңдегі қызметкерлердің тізімдік саны әр айдың соңындағы қызметкерлердің орташа арифметикалық санына тең.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады