"Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 651 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 қантарда № 16220 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7876 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 609-614 (27687) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларында:

      2-тармақтың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ дайындауды өз бетінше автор, авторлық ұжым немесе баспа ұйымдастырады.

      Орта білім беру ұйымдары үшін авторлық ұжым ғалымдар, әдіскерлер және мұғалімдер қатарынан қалыптасады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Уәкілетті орган білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ, оның ішінде электронды жеткізгіштегілерге авторлық ұжым оқу әдебиеттері сапасының мониторингі нәтижелерін ескере отырып өңдейді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Оқулықтарға, ОӘК мен ОӘҚ, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі ғылыми және педагогикалық сараптаманы сараптау комиссиясы жүргізеді.

      Сараптау комиссиясының құрамына: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлері үшін ғалымдар, жоғары және бірінші санатты мұғалімдер; техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру деңгейі үшін – ғалымдар мен техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары, өндіріс, кәсіпорын және басқа да ұйым өкілдері; жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі үшін – ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, өндіріс, кәсіпорын және басқа да ұйым өкілдері енеді.

      Сараптау комиссиясы сараптамалық шешім шығарады.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Оқулықтарға, ОӘК мен ОӘҚ, оның ішінде электронды жеткізгіштегілерге ғылыми және педагогикалық сараптама өткізу ҚР МЖБС-ға, үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына, ал әдістемелік аппараттың – білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамыту мақсаттарына, психология-педагогика ғылымының қазіргі заманғы талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.

      "Оқулық" орталығы мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіне арналған оқулықтар, ОӘК, ОӘҚ-ге келесі қайта басып шығарылғанға дейін сынақ алды және сынақтан кейінгі сараптама өткізеді.

      Қоғамдық бағалау жүргізу үшін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіне арналған оқулықтар сараптама жүргізу барысында оның электронды нұсқасы "Оқулық" орталығының интернет-ресурсында орналастырылады.

      "Оқулық" орталығы қоғамдық бағалау порталына түскен ескертулер мен ұсыныстарға мониторинг жүргізіп, оларды кемшіліктерді жою мақсатында баспаларға жібереді.

      16. Сараптамалық шешім негізінде "Оқулық" орталығы сараптама қорытындысын дайындайды.

      Сараптама нәтижелері бойынша сараптама қорытындысы келесі тұжырымдардың бірін қамтиды:

      1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейіне арналған оқулықтарға, ОӘК мен ОӘҚ, соның ішінде электрондық жеткізгіштерде:

      оң сараптамалық шешім алған жағдайда – "білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылады", ал сынаққа жолданатын оқулықтарға, ОӘК мен ОӘҚ – "білім беру ұйымдарында сынақтан өткізуге ұсынылады";

      сараптамалық шешімде жоюды қажет ететін ескертулер болған жағдайда – "өңдеуді қажет етеді", оның ішінде сынаққа жіберілетін оқу әдебиеттері үшін;

      теріс сараптамалық шешім алған жағдайда – "білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылмайды", сонымен бірге сынаққа жіберілетін оқу әдебиеттеріне – "білім беру ұйымдарында сынақтан өткізуге ұсынылмайды".

      2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейінің оқулықтары, ОӘК мен ОӘҚ үшін, оның ішінде электрондық жеткізгіштерде – "білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылады";

      сараптамалық шешімде жоюды қажет ететін ескертулер болған жағдайда – "Өңдеуді қажет етеді";

      теріс сараптамалық шешім алған жағдайда – "білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылмайды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Оқулықтар, ОӘК мен ОӘҚ бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған білім мазмұны бойынша сынақтан өтеді.";

      20-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-2. Уәкілетті орган оқулықтарға, ОӘК мен ОӘҚ сынақ өткізетін эксперименттік білім беру ұйымдарының тізімін және оқулықтар мен ОӘК тізбесін қалыптастырады.";

      25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Уәкілетті орган оқулықтар мониторингінің нәтижелері бойынша білім беру ұйымдары тарапынан сұраныссыз қалған оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ Оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тiзбесінен (бұдан әрі – Тізбе) алып тастау туралы шешім қабылдайды.

      26. Уәкілтті орган оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ-ні, оның ішінде электронды жеткізгіштегілерді, сараптама және сынақ жүргізу нәтижелерін қарастыру жөніндегі Республикалық комиссияны (бұдан әрі – Республикалық комиссия) құрады.

      Республикалық комиссияның құрамы уәкілетті органның бірінші басшысымен бекітіледі.

      Республикалық комиссияның құрамына білім беру саласында жұмыс тәжірибесі бар мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың, педагогикалық және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері кіреді.

      Уәкілетті орган оқулықтардың, ОӘК мен ОӘҚ-нің, оның ішінде электронды жеткізгіштегілердің сараптама, сынақ нәтижелерін қарастыру және Республикалық комиссияға ұсыныс енгізу үшін пәндік комиссияларды құрады.

      Пәндік комиссиялардың отырысы жылына екі реттен кем емес өткізіледі.

      Пәндік комиссиялар құрамы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен, ғалымдар, әдіскерлер мен педагог-практиктерден құрылады.

      Пәндік комиссиялар:

      1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріне арналған оқулықтарға сараптама жасайды және бірыңғай базалық оқулықты анықтау үшін деңгейге бөлу жұмыстарын жүргізеді;

      2) оқулықтардың, ОӘК мен ОӘҚ сараптама, сынақ, оқулықтар сапасын қоғамдық бағалаудың аралық және соңғы қорытындыларын қарастырады;

      3) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтардың, ОӘК мен ОӘҚ-ні, оның ішінде электронды жеткізгіштегілерді сараптамалық бағалау, сынақтан өткізу және деңгейге бөлу қорытындыларын Республикалық комиссияның қарауына енгізеді.

      27. Республикалық комиссия:

      1) пәндік комиссиялар жұмысының қорытындыларын қарастырады;

      2) оқу басылымының мазмұнын бағалау критерийлері негізінде пәндік комиссиялардың ұсыныстарын, сондай-ақ оқулықтардың бағасын есепке ала отырып, оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ-ні, оның ішінде бірыңғай базалық оқулықтарды іріктеуді жүзеге асырады;

      3) оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ-ні, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерді оқу процесінде пайдалану туралы мынадай шешімдерді қабылдайды:

      "білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылады";

      "білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылмайды";

      "білім беру ұйымдарында бірыңғай базалық оқулық ретінде пайдалануға ұсынылады";

      "білім беру ұйымдарында қосымша қолдануға арналған оқулық ретінде пайдалануға ұсынылады";

      4) Тізбеге енгізу үшін ұсынылған оқу әдебиеттері тізімін Министрліктің қарауына және бекітуіне ұсынады;

      5) оқулықтарды, ОӘК мен ОӘҚ-ні дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, мониторинг жүргізу және басып шығару тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды және енгізеді.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Тізбеге бір оқу пәні бойынша бестен артық емес балама оқулықтар, ОӘК мен ОӘҚ енгізіледі.

      Уәкілетті орган бекіткен Тізбе www.edu.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді басылымдарға ресми жариялау үшін жолдау;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.К. Аймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
А. Әмрин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады