"Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 247 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 22 қаңтарда № 16259 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2019 № 229 (28.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 27.02.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10776 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларда, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төменгі резервтік талаптарды еспетеу тәртібі, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібінде:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Ең төменгі резервтік талаптар Ұлттық Банкке Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14804 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 316 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұсынылған күн сайынғы мәліметтер негізінде есептеледі.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Банк ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау туралы ақпаратты банктің резервтік активтерді қалыптастыруының есепті кезеңінің соңғы күнінен кейінгі оныншы жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде электрондық форматта ұсынады.

      Есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағыштағы ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау туралы ақпаратқа банктің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам, бас бухгалтері және орындаушысы қол қойып, банктің мөрімен (бар болса) бекітіледі және банкте сақталады.

      Электрондық форматта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректерге сәйкестікті банктің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам және бас бухгалтер қамтамасыз етеді.".

      2. Зерттеулер және статистика департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2018 жылғы 27 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      _____________ Н.Айдапкелов

      2018 жылғы 5 қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады