"Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 818 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 қаңтарда № 16292 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларында:

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жылжымалы құрам және АЖҚ белгіленген мерзімде жоспарлы-ескерту жөндеу түрлерінен, техникалық және сервистік қызмет көрсетуден өтуі тиіс.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Темiр жол жылжымалы құрамының иелерi және оны күтетiн темiржол көлiгi қызметкерлерi дұрыс техникалық жай-күйiн, оған техникалық қызмет көрсетудi, жөндеудi және темiржол жылжымалы құрамының белгiленген қызмет көрсету уақытын сақтауды қамтамасыз етедi.

      Қызмет мерзімі өткен, сондай-ақ өз осьтерінде алып тасталған (есептен шығарылған) теміржол жылжымалы құрамын магистральды теміржол желісінде пайдалануға жол берілмейді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Жөндеудің мерзімді жоспарлы-алдын алу түрлерінен өтпеген локомотивтер мен моторвагонды жылжымалы құрамды пайдалануға жол берілмейді.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Поездарға мынадай:

      оларды қарап-тексергенге және пайдалануға жарамды деп танығанға дейін рельстен шығып кеткен;

      жай-күйі тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз етпейтін теміржол жылжымалы құрамы, сондай-ақ олардың жүккөтергіштігінен артық немесе тиеудің техникалық шарттарын бұза отырып тиелген вагондар тіркелмейді.";

      40-тармақ алып тасталсын;

      48 және 49-тармақтар алып тасталсын;

      101-тармақ жана редакцияда жазылсын:

      "101. Бас жолдардағы барлық қарсы бағыттамалық бұрмалардың үшкiрлерi алдынан бастап тепкiш бiлеулер орнатылады.

      Жолдарды пайдалану рельстің табаны төсемелер ребордынан жоғары және 5 шпалдан немесе қатар төселген білеулерден асып түсетін рельс пен төсемдер арасындағы саңылаулардың бунақ жолдарында анықталған жағдайлардан басқа жағдайларда жол беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы "____"_________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _________________ Қ. Қасымов

      2017 жылғы "____"__________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады