Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 20 ақпанда № 16399 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жолдануын;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алу мүдделі субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшін жолдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Қ. Қожамжаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының

      Жоғары сотының Төрағасы

      ____________ Ж. Асанов

      2018 жылғы 11 қаңтар

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрі

      ______________ Е. Біртанов

      2018 жылғы 8 қаңтар

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 23 қаңтар

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      ____________ С. Жасұзақов

      2018 жылғы 17 қаңтар

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері және

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігінің Төрағасы

      ____________ А. Шпекбаев

      2018 жылғы 2 ақпан

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

      Төрағасы

      ______________ К. Мәсімов

      2018 жылғы 5 қаңтар

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _______________ Қ. Қасымов

      2018 жылғы 29 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 165 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күші жойылған құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының статистикалық есептілікті қалыптастыру мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 76 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4512 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылғы 13 қарашадағы № 45 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5047 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне статистикалық есептілікті қалыптастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 26 қаңтарындағы № 4 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5639 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 3 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6016 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады