"Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 657 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 сәуірде № 16737 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 05.01.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Оқу жоспарының пәндеріне сәйкес мұғалімдердің болуы.
Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 25%.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


      ";

      реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 4, 5, 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің немесе медициналық қызмет көрсету бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен шарттың болуы.

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.

Медициналық қызмет көрсету бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен келісіліген шарттың болуы.

5

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 11626 тіркелген) бұйрығымен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының негізінде болуы немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың болуы.

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың көшірмесі.

6

Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында материалдық активтердің болуы немесе материалдық активтерді 10 жылдан кем емес мерзімге жалға алу.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат деректері "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан алуға болған жағдайда. ұсынылмайды.

Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалға алу шартының көшірмелері.

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 35%.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


      ";

      реттік нөмірі 9-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 10, 11, 12-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің немесе медициналық қызмет көрсету бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен шарттың болуы.

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі. Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

Медициналық қызмет көрсету бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен шарттың болуы.

11

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 11626 тіркелген) бұйрығымен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының негізінде болуы немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың болуы.

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың көшірмесі.

12

Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында материалдық активтердің болуы немесе материалдық активтерді 10 жылдан кем емес мерзімге жалға алу.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат деректері "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан алуға болған жағдайда. ұсынылмайды.

Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалға алу шартының көшірмелері.

      ";

      реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 35%.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


      ";

      реттік нөмірі 16-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 17, 18, 19-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің немесе медициналық қызмет көрсету бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен шарттың болуы.

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі. Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

Медициналық қызмет көрсету бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен шарттың болуы.

18

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 11626 тіркелген) бұйрығымен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының негізінде болуы немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың болуы.

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың көшірмесі.

19

Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында материалдық активтердің болуы немесе материалдық активтерді 10 жылдан кем емес мерзімге жалға алу.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат деректері "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан алуға болған жағдайда. ұсынылмайды.

Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалға алу шартының көшірмелері.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Т. Ешенқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
А. Амрин

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      _________________ Д. Абаев

      22 қаңтар 2018 жыл

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      ______________ Е. Біртанов

      14 ақпан 2018 жыл

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      ____________ С. Жасұзақов

      29 желтоқсан 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      ___________ А. Мұхамедиұлы

      28 желтоқсан 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      16 наурыз 2018 жыл

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ______________ Қ. Қасымов

      11 қаңтар 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады