Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі №166/21-VI "Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 200/24-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 желтоқсанда № 1146 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 6-бабының 1- тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі №166/21-VI "Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1125 болып тіркелген, 2017 жылдың 9 қыркүйегінде "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидаларында:

      2-бөлімінің 71-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Қатты тұрмыстық қалдықтардың меншік иелері қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін немесе қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе қалдықтарды жою бойынша операцияларды орындайтын субъектілердің қызметтерін пайдалануы тиіс, не осы Қағидалардың 71-1, 71-2, 71-3-тармақтарына сәйкес қалдықтарды орналастыру және жою бойынша операцияларды дербес жүзеге асыруға міндетті.";

      2-бөлім мынадай мазмұндағы 71-1, 71-2, 71-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "71-1. Қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде тұратын немесе орналасқан жеке және заңды тұлғалар пайдаланады.

      Қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі әкімдікпен Астана қаласының аумағынан қоқыс шығаратын ұйымдарды анықтау бойынша конкурс өткізу арқылы ұйымдастырылады.

      71-2. Меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде орналаспаған және меншікті контейнерлік алаңдары жоқ жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру бойынша операцияларды орындайтын субъектілермен шарттар жасауға құқылы.

      71-3. Меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар Астана қаласының аумағында қалдықтарды кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру бойынша операцияларды орындайтын мамандандырылған субъектілермен шарттар жасасқан жағдайда қалдықтарды орналастыру және жою бойынша операцияларды жүзеге асыруы мүмкін.".

      2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
В. Досаев
      Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Ж. Нұрпейісов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Астана қаласының Коммуналдық

      шаруашылық басқармасы" (КШБ)

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысының міндетін атқарушы                                    И. Алексеев

      "Астана қаласының Табиғи

      ресурстар және табиғатты

      пайдалануды реттеу басқармасы"

      (ТРжТПРБ) мемлекеттік

      мекемесінің басшысыны                                          М. Танабаев

      Астана қаласының ПИК

      ассоциациясы төрағасы                                          М. Кинжибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады