"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Астана қаласы Ономастика комиссиясының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 1 шешімінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 1 қарашадағы қорытындысы негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласының "Есіл" ауданы бойынша:
жобалық атауы № 31 көшеге – Хусейн бен Талал көшесі деген атау берілсін;
жобалық атауы № 36 және Еңбекшілер көшелері біріктіріліп, Әлихан Бөкейхан көшесі деп қайта аталсын.
2. Астана қаласы "Есіл" ауданының әкімі, "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы мен Астана қаласы мәслихатының шешімін іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын.
3. "Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына Астана қаласы әкімдігінің қаулысы мен Астана қаласы мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
4. Осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және Астана қаласы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі ___________Ә. Исекешев |
Астана қаласы мәслихатысессиясының төрағасы___________М. Шайдаров |
Астана қаласы Мәслихатының хатшысы ___________Ж. Нұрпейісов |