Ақмола облысының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № А-6/233 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 шілдеде № 6008 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № А-5/249 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы әкімдігінің 06.05.2020 № А 5/249 (ресми жарияланған күннен бастап қолданылысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық испекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 03-06-91 ұсынысының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, зақымданған алқаптар көлемінде Ақмола облысының аумағында карантиндік арамшөп – дала арамсояу бойынша карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, зақымданған алқаптар көлемінде Ақмола облысының аумағында орманның карантиндік зиянкесі – жұпсыз жібек көбелегі бойынша карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е.Я.Каппельге жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі М.Мырзалин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2017 жылғы 1 маусымдағы
№ А-6/233 қаулысына
1-қосымша

Ақмола облысы аумағында карантиндік арамшөп – дала арамсояумен залалданған жерлердің көлемі

№ р/р

Аудандардың атауы

Қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдардың атауы

Залалданған жерлердің ауданы, гектар

1

Астрахан

Новочеркасск ауылдық округі

0,01

2

Атбасар

Атбасар қаласы

0,12

3

Бурабай

Кенесары ауылдық округі

20,0

4

Есіл

Двуречный, Қаракөл, Юбилейный ауылдық округтері, Курское, Свободное ауылдары

40,0

5

Жақсы

Ешім, Жаңақима ауылдық округтері

10,0

6

Жарқайын

Державинск қаласы, Уәлихан, Жаңадала, Отрадный ауылдық округтері, Львовское, Далабай, Пятигорское ауылдары

80,851

7

Зеренді

Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі

0,0058

8

Сандықтау

Балқашин, Сандықтау ауылдық округтері

5,90

9

Целиноград

Мәншүк ауылдық округі

0,46

Барлығы

157,3468


  Ақмола облысы әкімдігінің
2017 жылғы 1 маусымдағы
№ А-6/233 қаулысына
2-қосымша

Ақмола облысы аумағында орманның карантинді зиянкесі – жұпсыз жібек көбелегімен залалданған жерлердің көлемі

№ р/р

Аудандардың атауы

Ауылдық округтердің атауы

Залалданған жерлердің ауданы, гектар

1

Сандықтау

Балқашин ауылдық округі

75,3

Новоникольск ауылдық округі

70,1

Барлығы

145,4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады