2017-2018 оқу жылына жоғары білімді мамандарды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № А-10/391 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 қазанда № 6112 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2017-2018 оқу жылына жоғары білімді мамандарды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі М.Мырзалин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2017 жылғы 14 қыркүйектегі
№ А-10/391 қаулысына
қосымша

2017-2018 оқу жылына жоғары білімді мамандарды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мамандарды дайындау бағыты

Оқыту нысаны

Орындар саны

Бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (мың теңге)

2017 жылғы 4 айға

2018 жылғы 8 айға

1

Білім

Күндізгі оқу

100

147,8

295,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады