Көкшетау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 18 сәуірдегі № С-9/9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 мамырда № 5956 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 6 мамырдағы № С-6/12 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 06.05.2021 № С-6/12 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкшетау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 6 тамыздағы № С-40/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4975 тіркелген, 2015 жылғы 22 қыркүйекте "Көкшетау" және "Степной Маяк" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтыншы шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының 9-шы
кезекті сессиясының
төрайымы
Р.Арыстанқызы
      Алтыншы шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы
Б. Ғайса

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Көкшетау қаласының әкімі Е.Маржықпаев

      2017 жылғы "18" сәуір

  Көкшетау қалалық мәслихатының
2017 жылғы 18 сәуірдегі
№ С-9/9 шешіміне
қосымша

Көкшетау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 19.06.2019 № С-34/15 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Р/с №

Коммуналдық қалдықтар түзілетін және жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жылдық түзілу және жинақталу нормасы, м3

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

1,80

2

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2,00

3

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын
1 қызметкер

1,40
0,35

4

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,00

5

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,29

6

Емханалар

1 келіп кету

0,60

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,013

8

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,15

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,07
0,30

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

2,00

11

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар

1 орын

0,20

12

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,05

13

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,02

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,30

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

0,10

16

Өнеркәсіптік дүкендер,
супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,70

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,50

18

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,24

19

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,24

20

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,45

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,60

22

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,20

23

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,40

24

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын
1 қызметкер

0,50
0,40

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,35

26

Гараж кооперативтері

1 гаражға

1,20

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

3,60

28

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,45

29

Зергерлік, аяқкиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,45

30

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

0,45

31

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,45

32

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

1,00


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады