Көкшетау қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тарифті белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қазандағы № А-10/1886 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 қазанда № 7427 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № А-5/870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 22.05.2023 № А-5/870 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көкшетау қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тариф белгіленсін:

      1) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдауға көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде:

      ересектерге – 80 (сексен) теңге мөлшерінде;

      жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 40 (қырық) теңге мөлшерінде;

      2) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдауға қолма-қол ақшамен төлеу кезінде:

      ересектерге – 150 (жүз елу) теңге мөлшерінде;

      жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде.

      2. Электрондық жолақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда, көлік карталары арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болады.

      3. Көкшетау қаласы әкімдігінің "Көкшетау қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" 2017 жылғы 3 тамыздағы № А-8/3146 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6045 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 тамызда "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары С.С. Шабаровқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      әкім А.Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Көкшетау қалалық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады