РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аймақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, тұрғындардың пікірі есебімен және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 21 қазандағы және 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындылары негізінде, Красный Яр селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Красный Яр ауылының Советская көшесі Тәуелсіздік көшесіне, Зеленая көшесі Болашақ көшесіне, Ленин көшесі Достық көшесіне, Симферопольская көшесі Желтоқсан көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Красный Яр ауылдық округінің әкімі |
Б.Әбуов |