2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № А-2/43 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 наурызда № 5850 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 1 қарашадағы № А-11/304 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 01.11.2017 № А-11/304 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Г.Е. Әбілқайыроваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімінің м.а. В.Елисеев

  Ақкөл ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "20" ақпандағы
№ А-2/43 қаулысымен
бекітілген

2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 28.04.2017 № А-4/108 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдардағы бір айға ата-ананың төлем мөлшері (теңге)

1

"Кеңес орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

40

13820

13820

6000

2

"Өрнек орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

15

14651

14651

6000

3

"Краснобор негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

15

16760

16760

6000

4

"Урюпин орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

15

16033

16033

6000

5

"Одесса орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

12

19826

19826

6000

6

"Амангелді негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

12

17061

17061

6000

7

"Барап негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

24

12593

12593

0

8

"Айтпай Құсайынов атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

10

12405

12405

0

9

"мичурин атындағы негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

12

6665

6665

0

10

"Мало-Александров негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

12

9222

9222

0

11

"Минск орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

25

5894

5894

0

12

"Арайлым" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

26770

26770

8820

13

"Ақбота" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

115

30435

30435

8820

14

"№ 1 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

170

19582

19582

8820

15

"№ 2 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

21304

21304

8820

16

"№ 3 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

22842

22842

8820

17

"Когут В.В" жеке кәсіпкері, жеке меншік балабақшасы

20

27016

27016

15000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады