2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 1 қарашадағы № А-11/304 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 қарашада № 6156 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Ақкөл ауданының келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы № А-2/43 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5850 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 6 сәуірде жарияланған);

      "Ақкөл ауданы әкімдігінің "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы № А-2/43 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 28 сәуірдегі № А-4/108 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5972 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 маусымда жарияланған).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Г.Е.Әбілқайыроваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауданының әкімі Т.Едігенов

  Ақкөл ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "01" қарашадағы
№ А-11/304 қаулысымен
бекітілген

2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындарының орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

1

"Кеңес орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

40

13820

6000

2

"Өрнек орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

15

14651

6000

3

"Краснобор негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

15

16760

6000

4

"Урюпин орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

15

16033

6000

5

"Одесса орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

12

19826

6000

6

"Амангелді негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

12

17061

6000

7

"Барап негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

24

12593

0

8

"Айтпай Құсайынов атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

10

12405

0

9

"Мичурин атындағы негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

12

6665

0

10

"Мало-Александров негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

12

9222

0

11

"Минск орта мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық

25

5894

0

12

"Арайлым" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

26770

8820

13

"Ақбота" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

115

30435

8820

14

"№ 1 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

170

19582

8820

15

"№ 2 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

21304

8820

16

"№ 3 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

22842

8820

17

"Когут В.В" жеке кәсіпкері, жеке меншік балабақшасы

30

27016

15000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады