Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № А-12/344 қаулысы және Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № С 17-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 қаңтарда № 6305 болып тіркелді.

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 06.06.2018 № А-6/154 қаулысы және Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 06.06.2018 № С 23-1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармағына сәйкес, қала және Подлесное ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақкөл қаласы келесі құрамдас бөліктері:

      1 Октябрьский тұйық көшесін - 1 Шегебай Ұзақбаев көшесіне;

      2 Октябрьский тұйық көшесін - 2 Шегебай Ұзақбаев көшесіне;

      3 Октябрьский тұйық көшесін - 3 Шегебай Ұзақбаев көшесіне;

      4 Октябрьский тұйық көшесін - 4 Шегебай Ұзақбаев көшесіне;

      Западная көшесін - Береке көшесіне;

      Киров көшесін - Домбыралы көшесіне;

      Новорудная көшесін - Домбай көшесіне;

      ТУСМ көшесін - Жібек жолы көшесіне;

      Фурманов көшесін - Ақниет көшесіне;

      Тубгородок көшесін - Астана көшесіне;

      Гостиничный тұйық көшесін - Армандастар көшесіне қайта аталсын.

      2. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 06.06.2018 № А-6/154 қаулысы және Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 06.06.2018 № С 23-1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      № 1 Еңбек көшесін – Жұмабек Тәшенев көшесіне;

      № 2 Еңбек көшесін – Сарыжайлау көшесіне;

      № 3 Еңбек көшесін – Армандастар көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен шешім және қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ақкөл аудандық
мәслихат сессиясының
төрағасы
Ж.Абдин
      Ақкөл ауданы
әкімі
Т.Едігенов
      Ақкөл аудандық
мәслихатының хатшысы
Ж.Салыбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады