РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1) тармағына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы құрамдас бөліктерін және Подлесное ауылы көшелерін қайта атау туралы" Ақкөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № А-12/344 қаулысына және Ақкөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № С 17-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6305 тіркелген, 2018 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулы және шешімнің атауы жаңа редакцияда мазмұндалсын: "Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы құрамдас бөліктерін қайта атау туралы";
2-тармағы күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ақкөл аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Ө.Бертілеуов |
Ақкөл ауданы әкімі | Т.Едігенов |
Ақкөл аудандық мәслихатының хатшысы |
Ж.Салыбекова |