Атбасар ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және он еседен артық болмайтын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтың базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 наурызда № 5852 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 6С 18/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 21.02.2018 № 6С 18/6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386 - бабының 3 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабының 1 - тармағының 15) - тармақшасына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атбасар ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін және он еседен артық болмайтын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтың базалық мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекен Атбасар қаласы болып айқындалсын.

      3. Атбасар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 наурыздағы № 5С 2/4 "Автоотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге санатын белгілеу және салынатын жер салығының базалық ставкасын ұлғайту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-181 болып тіркелген, 2012 жылғы 20 сәуірде "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Сәдуақасов М.Н.
      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Атбасар ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б.Ж. Үсембаев

      22 ақпан 2017 жыл

  2017 жылғы 22 ақпандағы
№ 6С 9/7
Атбасар аудандық
мәслихатының шешіміне
1 қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

№ р/с

Автотұрақтар (паркингтер) түрлері

Санаттары

1.

Жабық түрдегi автотұрақтар (паркингтер)

1 санат

2.

Ашық түрдегi автотұрақтар (паркингтер)

2 санат


  2017 жылғы 22 ақпандағы
№ 6С 9/7
Атбасар аудандық
мәслихатының шешіміне
2 қосымша

Атбасар ауданында он еседен артық болмайтын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтың базалық мөлшерлемелері

№ р/с

Автотұрақтар (паркингтер) түрлері

Базалық мөлшерлемелерінің ұлғаюы

1.

1 санат

он есеге

2.

2 санат

он есеге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады