Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге санатын белгілеу және салынатын жер салығының базалық ставкасын ұлғайту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 наурыздағы № 5С 2/4 шешімі. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 5 сәуірде № 1-5-181 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 22.02.2017 № 6С 9/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 381, 386 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Атбасар аудандық мәслихаты шешім етті:
      1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық ставкалар мөлшері, автотұрақтардың (паркингтер) санатына қарай, 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
      3. Атбасар ауданының Атбасар қаласы автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалары қолданылатын жақын жатқан елді мекен болып белгіленсін.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Атбасар ауданының
әкімі
Әубәкіров Р.Ш.
      "Атбасар ауданы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесі бастығының міндетін
атқарушы
Қапашев Н.Қ.

      

  Атбасар ауданды
мәслихатының
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 5С 2/4 шешіміне
1 қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары


Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

санаттар

1
Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
1 санат
2
Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
2 санат

  Атбасар аудандық
мәслихатының
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 5С 2/4 шешіміне
2 қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге санатына қарай базалық ставкаларының мөлшері


Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтың базалық ставкалары

Базалық ставкалардың ұлғаюы

1
1 санат
5,02
он есе
2
2 санат
5,02
он есе

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады