Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 мамырда № 5927 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 23.04.2019 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының қорытындысы бойынша 2017 жылғы 15 сәуірдегі № 4 хаттамасының негізінде, Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атбасар ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайларды жоюдың басшысы болып аудан әкімінің орынбасары А.В.Чириков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.В.Чириковке, Атбасар қаласының әкімі Н.Т.Қомбатуровқа жүктелсін.

      4. Осы шешімнің әрекеті 2017 жылдың 15 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      А.Никишов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады