Атбасар ауданы Тельман ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы Тельман ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 қаңтарда № 6295 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Тельман ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атбасар ауданы Тельман ауылдық округінің көшелері қайта аталсын:

      1) Тельман ауылы бойынша:

      №1 көшесі Бірлік көшесіне;

      №3 көшесі Бейбітшілік көшесіне;

      №4 көшесі Ынтымақ көшесіне;

      №5 көшесі Тәуелсіздік көшесіне;

      №6 көшесі Еңбек көшесіне;

      №7 көшесі Достық көшесіне;

      №8 көшесі Жастар көшесіне;

      №9 көшесі Береке көшесіне.

      2) Поповка ауылы бойынша:

      №1 көшесі Жастар көшесіне;

      №2 көшесі Бейбітшілік көшесіне;

      №3 қөшесі Жеңіс көшесіне;

      №4 көшесі Есіл көшесіне;

      №5 көшесі Қаражар көшесіне;

      №6 көшесі Сәдібек көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тельман ауылдық
округінің әкімі
К.Әдепбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады