Острогорск ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 31 мамырдағы № 4 "Қаракөл ауылының көшесіне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан ауданы Острогорск ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 наурызда № 5847 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Острогорск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Острогорск ауылдық округі әкімінің "Қаракөл ауылының көшесіне атау беру туралы" 2010 жылғы 31 мамырдағы № 4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-124 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 шілдеде "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізсін:
      шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      ""Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2010 жылдың 26 сәуірдегі Қаракөл ауылы тұрғындары жиынның хаттамасын ескере отырып, Острогорск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      шешімінің орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "аула" деген сөзі "села" деген сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Острогорск ауылдық
округінің әкімі
Т.Құрман

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Астрахан ауданының "Мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г.Карасаева

      27.02.2017 ж.
      Астрахан ауданының "Құрылыс,
сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Н.Кулаков

      27.02.2017 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады