"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2010 жылдың 26 сәуірдегі Қаракөл ауылы тұрғындары жиынның хаттамасын ескере отырып, Острогорск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан ауданы Острогорск ауылдық округі әкімінің 27.02.2017 № 2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Қаракөл ауылының көшесіне Әл - Фараби атындағы атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Острогорск ауылдық округінің әкімі |
Т.Құрман |
"КЕЛІСІЛДІ"
Астрахан ауданының "Мәдениет және тілдері дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
М.Сексенбаев |
Астрахан ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Н.Герасимова |