Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Н.Горончко |
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы |
Қ.Махметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ерейментау ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
А.Манадыров |
28 ақпан 2017 жыл
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ерейментау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесiнің басшысы |
Ж.Тубеков |
28 ақпан 2017 жыл
Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 ақпандағы № 6С-11/4-17 шешіміне қосымша |
Ерейментау аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендер жерлерін аймақтарға бөлу сызбанұсқасы мен жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2012 жылғы 02 шілдедегі №5С-6/6-12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-9-201 болып тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2012 жылғы 11 тамызында, аудандық "Ерейментау" газетінде 2012 жылғы 11 тамызында жарияланған) шешімі.2. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 02 шілдедегі № 5С-6/6-12 "Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендер жерлерін аймақтарға бөлу сызбанұсқасы мен жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2014 жылғы 28 қазандағы № 5С-32/3-14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4479 болып тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2014 жылғы 06 желтоқсанда, аудандық "Ерейментау" газетінде 2014 жылғы 06 желтоқсанда жарияланған) шешімі.
3. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 27 наурыздағы № 5С-24/4-14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4126 болып тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2014 жылғы 10 мамырында, аудандық "Ерейментау" газетінде 2014 жылғы 10 мамырында жарияланған) шешімі.