Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендер жерлерін аймақтарға бөлу сызбанұсқасы мен жер салғының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 2 шілдедегі № 5С-6/6-12 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 2 тамызда № 1-9-201 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 ақпандағы № 6С-11/4-17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 28.02.2017 № 6С-11/4-17 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнің 8, 11 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 387 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің ұсынысы негізінде Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес, Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендер жерлерін аймақтарға бөлу сызбанұсқасы мен жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ерейментау аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Д.Иманбалинова
      Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ.Махметов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ерейментау ауданының
      әкімінің м.а. А.Манадыров
      "Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігінің
      Салық комитеті Ақмола
      облысы бойынша Салық
      департаментінің Ерейментау
      ауданы бойынша Салық
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы Т.Ахметуллин

      

  Ерейментау аудандық
мәслихатының 2012 жылғы
2 шілдедегі № 5С-6/6-12
шешімімен бекітілді

Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендер жерлерін аймақтарға бөлу сызбанұсқасы мен жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

      Ескерту. Сызбанұсқа жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 28.10.2014 № 5C-32/3-14 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

аймақ №

Жер салығының базалық мөлшеріне ұсынылатын түзету коэффициенті

Аймаққа енетін ауылдық елді мекендердің атауы (ауылдық округтер бойынша)

1

2

3

I

1,5

01-006-017 Тайбай (Тайбай ауылдық округі)

1,4

01-006-005 Торғай (Торғай селолық округі)

1,4

01-006-011 Ақсуат (Ақсуат ауылы)

1,4

01-006-007,008 Еркіншілік (Еркіншілік ауылдық округі)

1,3

01-006-001 Новомарковка (Новомарковка селолық округі)

1,4

Аймақ бойынша орташа маңызы

II

1,1

01-006-065 Бестоғай (Бестоғай селолық округі)

1,0

01-006-067 Байсары (Бестоғай селолық округі)

1,0

01-006-066 Қызылту (Бестоғай селолық округі)

1,1

01-006-058 Елтай (Тайбай ауылдық округі)

1,0

01-006-059 Жарық (Тайбай ауылдық округі)

1,2

01-006-018 Малтабар (Тайбай ауылдық округі)

1,0

01-006-015 Күншалған (Күншалған селолық округі)

1,1

01-006-060 Бозтал (Бозтал ауылы)

1,1

01-006-006 Балықты (Торғай селолық округі)

1,1

01-006-047 Төмеңгі Торғай (Торғай селолық округі)

1,1

01-006-048 Қарағайлы (Торғай селолық округі)

1,1

01-006-025 Сілеті (Сілеті ауылы)

1,1

01-006-013 Олжабай батыр (Олжабай батыр атындағы селолық округі)

1,1

01-006-002 Ақмырза (Ақмырза селолық округі)

1,1

01-006-021 Қойтас (Қойтас селолық округі)

1,1

01-006-051 Еңбек (Еркіншілік ауылдық округі)

1,2

01-006-020 Өлеңті (Өлеңті селолық округі)

1,0

01-006-020 Өлеңті станциясы (Өлеңті селолық округі)

1,1

Аймақ бойынша орташа маңызы

III

0,7

01-006-057 Қаратал (Күншалған селолық округі)

0,7

01-006-055 Шәкей (Күншалған селолық округі)

0,9

01-006-070 Жаңа жол (Торғай селолық округі)

0,8

01-006-056 Новокаменка (Олжабай батыр атындағы селолық округі)

0,8

01-006-003 Жолбасшы (Ақмырза селолық округі)

0,8

01-006-064 Ажы (Қойтас селолық округі)

0,9

01-006-009 Веренка (Еркіншілік ауылдық округі)

0,9

01-006-062 Қоржынкөл станциясы (Өлеңті селолық округі)

0,81

Аймақ бойынша орташа маңызы

IV

0,6

01-006-014 Алғабас (Олжабай батыр атындағы селолық округі)

0,6

01-006-054 Бәймен (Олжабай батыр атындағы селолық округі)

0,6

Аймақ бойынша орташа маңызы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады