"Ерейментау ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстер тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы Ерейментау ауданының 2016 жылғы 18 қазандағы № а-10/452 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № а-3/103 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 сәуірде № 5878 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облысы Ерейментау ауданының "Ерейментау ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстер тізбесін бекіту туралы" 2016 жылғы 18 қазандағы № а-10/452 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5593 тіркелді, 2016 жылғы 23 қарашада "Ереймен", "Ерейментау" газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А.Манадыровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ерейментау ауданының әкімі Е.Нұғыманов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақмола облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
Д.Сағитов

      "27" наурыз 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады