Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 30.06.2022 № 7С-29/2-22 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Ерейментау ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған Ерейментау ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Т.Стекольщикова |
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы |
Қ.Махметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ерейментау ауданының әкімі | Е.Нұғыманов |
12 мамыр 2017 жыл
Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 мамырындағы № 6С-13/9-17 шешімімен бекітілген |
Ерейментау ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ерейментау ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Ерейментау ауданының елді мекендері аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады.
Ерейментау ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауданның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ерейментау аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 мамырындағы № 6С-13/9-17 шешімімен бекітілген |
Ерейментау ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
Ескерту. Айқындау жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 26.11.2019 № 6С-44/4-19 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
р/с № | Ерейментау ауданының елді мекенінің атауы | Ерейментау ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Ерейментау қаласы | 35 |
2 | Ақсуат ауылы | 7 |
3 | Бозтал ауылы | 5 |
4 | Новомарковка ауылы | 11 |
5 | Сілеті ауылы | 5 |
Ақмырза ауылдық округі | ||
6 | Ақмырза ауылы | 5 |
7 | Жолбасшы ауылы | 2 |
Бестоғай ауылдық округі | ||
8 | Бестоғай ауылы | 3 |
9 | Байсары ауылы | 2 |
10 | Қызылту ауылы | 1 |
Еркіншілік ауылдық округі | ||
11 | Еркіншілік ауылы | 21 |
12 | Еңбек ауылы | 2 |
Қойтас ауылдық округі | ||
13 | Қойтас ауылы | 2 |
14 | Ажы ауылы | 4 |
Күншалған ауылдық округі | ||
15 | Күншалған ауылы | 3 |
16 | Қаратал ауылы | 2 |
17 | Шакей ауылы | 2 |
Олжабай батыр атындағы ауылдық округі | ||
18 | Олжабай батыр атындағы ауыл | 7 |
19 | Ынтымақ ауылы | 2 |
20 | Алғабас ауылы | 2 |
Тайбай ауылдық округі | ||
21 | Тайбай ауылы | 8 |
22 | Ельтай ауылы | 2 |
23 | Малтабар ауылы | 2 |
24 | Жарық ауылы | 1 |
Торғай ауылдық округі | ||
25 | Торғай ауылы | 9 |
26 | Балықты ауылы | 2 |
27 | Қарағайлы ауылы | 2 |
28 | Төменгі Торғай ауылы | 2 |
29 | Жаңажол ауылы | 2 |
Өлеңті ауылдық округі | ||
30 | Өлеңті ауылы | 6 |
31 | Өлеңті станциясы | 2 |
32 | Қоржынкөл станциясы | 1 |