Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 7С-29/2-22 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 шілдеде № 28715 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы
М.Абжиков


  Ерейментау аудандық мәслихатының
2022 жылғы 30 маусымдағы
№ 7С-29/2-22 шешіміне
қосымша

Ерейментау аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2017 жылғы 12 мамырдағы № 6С-13/9-17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6000 болып тіркелген) шешімі.

      2. Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданы бойынша Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 15 мамырдағы № 6С-24/4-18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6654 болып тіркелген) шешімі.

      3. Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 мамырдағы № 6С-13/9-17 "Ерейментау ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы № 6С-44/4-19 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7545 болып тіркелген) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады