Ақмола облысы Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округінің Тайбай ауылында көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 қаңтарда № 6292 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде Тайбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округінің Тайбай ауылында көшелер қайта аталсын:

      1) Западная көшесі Ұлы дала көшесіне;

      2) Зеленая көшесі Алаш көшесіне;

      3) Линейная көшесі Шұғыла көшесіне;

      4) Микрорайон көшесі Сарыарқа көшесіне;

      5) Целинная көшесі Жібек жолы көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тайбай ауылдық округінің әкімі Т.Кәрібжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады